Киву Стойка

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Chivu Stoica1.jpg
Киву Стойка

Киву Стойка (Үлгі:Lang-ro; 1908 жыл 8 тамыз - 1975 жыл 18 ақпан) - румын саяси және мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны

Шаруа отбасында туды. 1929 жылы Румыния коммунистік жастар одағына, 1931 жылы Румыния Коммунистік партиясына (РКП) кірді. 1933 жылы жұмысшылардың ақпан ереуілін ұйымдастырушылардың және оған белсене қатысушылардың бірі болды. Ереуіл жеңілгеннен кейін 12 жылға каторга жұмысына кесілді. 1945-1949 жылдары Румынияның жалпыға бірдей еңбек конфедерациясының вице-президенті. 1949-1952 жылдары металлургия және химия өнеркәсібі министрі, 1950-1955 жылдары Румын Халық Республикасы (РХР) Министрлік Кеңесі төрағасының орынбасары, 1955-1961 жылдары төрағасы, 1965-1967 жылдары РХР Мемлекеттік Кеңесінің өкілі. 1945-1948 жылдары РКП ОК Саяси бюросының мүшесі, 1948-1952 жылдары Румын жұмысшы партиясы (РЖП) ОК Саяси бюросының мүшелігіне кандидат, 1952 жылдан Саяси бюро мүшесі, 1961-1965 жылдары РЖП ОК хатшысы, 1965 жылдан РКП ОК Атқару комитеті мен Тұрақты президиумының мүшесі. 1967 жылдан РКП ОК хатшысы. 1970 жылдарда барлық қызметтерінен айырылып, 1975 жылы өз-өзін атып өлтірген. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>