Кең Жылыой

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Кең Жылыой» - Атырау облысының Жылыой ауданындағы қоғамдық-саяси газет. Алғаш саны «Социалды ауыл» деген атпен 1933 ж. шыға бастады. Тұңғыш редакторы - Төлеген Мұхамбетов, 1941-92 ж. газет «Социалистік ауыл», «Коммунизмге алға», «Ембі» деген атпен шығып келді. 1992 жылдан «Кең Жылыой» атанды. «Кең Жылыой» аудан экономикасы мен мәдениетінің даму барысын, келелі мәселелерін кеңінен жазып көрсетеді. Мұнай алаңдарының ашылуы, «қара алтын» өндірудің жай-күйі, а. ш. өндірісін тиімді жүргізу, әр саланың өнегелі адамдарын дәріптеу - газеттің негізгі тақырыптары. Газетте Теңіз мұнай-газ кен орнын игеру, шетелдік іскер топтармен бірлескен жұмыс мәселелері көтеріледі. Әр жылдарда газетке С. Анайысов, Қ. Жаксылықов, Н. Ерғалиев, С. Ерғалиев, Д. Жолмұханов, Д. Артығалиев. С. Байтауов, Р. Әлмағамбетов, Т. Текеев, Ғ. Сайханов, М. Далбаев, Б. Дәулетов басшылық жасады. 1998 жылдан редакторы — Қ. Оразбаев. Осы басылымда кезінде ақындар М. Сатыбалдиев, А. Өтегенов, қаламгерлер С. Айтжанов, Қ. Мыңтұрғанов, Қ. Кідібасов, С. Оразғалиев, Қ. Ыбырайұлы, Қ. Сұлтанғалиев, тағы басқалар еңбек етті. «Кең Жылыой» газеті редакциясы өз жұмысында қоғамдық тілші-авторларға арқа сүйейді. Аптасына бір рет шығады. Газет құрылтайшылары — Жылыой ауданының әкімшілігі, аудандық мәслихат және редакция ұжымы. Таралымы 1089 дана (1999). <ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кең Жылыой|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}