Кеңістіктік тор қатары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кеңістіктік тор қатары - кристаллографияда, тура сызық бойында бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан кеңістік тор түйіндерінің жиынтығы. Кристалдардың шынайы қабырғалары элементар бөлшектердің жиі орналасқан қатарларына сай келеді.
Кеңістіктік тор
Кристалдық тор терминінің синонимі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>