Кеңжиде
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кеңжиде – тарихи аймақ. Арыс өзенінің орта ағысы мен Боралдай өзенінің бойында орналасқан. Кеңжиде өлкесі орта ғасырларда түркі тайпаларының қоныстанған мекені болған. Аймақтан 10 – 15 шаршы км аумағындағы 20 – 30-дан астам қала, қоныс, мекен-жайлардың жұрттары зерттелген. Олардың ішіндегі жазба деректерде Усбаникет деген атпен кездесетін қазіргі Жуантөбе қаласы бар. Аймақ оңтүстік жағында Исфиджабпен шектеседі. Кеңжидеде әлі де толық археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>
Сілтемелер
<references/>