Кеңес (ақылдасу)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеңес – бір істі көпшілік болып ақылдасып, бас қосып шешу.

Біздің заманымыздан бұрынғы 7 – 5 ғасырларда ру, тайпа, мемлекет ішіндегі мәселелерді халық жиындары немесе кеңес шешкен. Көсемдер кеңесте сайланған. Қазақ хандығында хан кеңесі, билер кеңесі болған. Сөздің осы мағынасына қарай 20-ғасырда орыс тіліндегі “Совет” деген атауды “Кеңес” деп, “Совет өкіметі” деген сөзді “Кеңес өкіметі” деп қолдану орын алды. КСРО-да ыдырағанға дейін ең жоғары заң шығарушы орган Жоғарғы Кеңес деп аталды.

Кеңес термині қазіргі таңда кейбір бірлестік, ұйымдардың сайланбалы органының немесе әлдебір өкіметтілік жүктелетін ұжымының атауы ретінде қолданылады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}