Кеңес Рахметұлы Бекішев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекішев Кеңес Рахметұлы (1947 жылы туған, Жақсы ауданы Трудовое ауылы) – кәсіподақ қызметкері. Ауыл шаруашылығы техникумын (1968), Алматы Жоғары партия мектебін (1982), «Әділет» жоғары құқық мектебін (2003) бітірген. Еңбек жолын Ақмола облысының «Атбасар» кеңшарында трактор жүргізушісі болып бастаған. Бұрынғы Торғай облысы «Есіл» кеңшарында трактор жүргізушісі, бригадир (1970 – 82), Қима ауданы партия комитетінде нұсқаушы (1982 – 84), «Госкомсельхозтехника» аудандық бірлестігінде бас инженер (1984 – 85), Қима ауданы кәсіподақ ұйымының (1985 – 90), Торғай облыстық.кәсіподақ ұйымының төрағасы (1990 – 97) қызметтерін атқарған. 1997 жылдан Ақмола облысы кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кеңес Рахметұлы Бекішев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}