Кеңестөбе (көне қала)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кеңестөбе - төменгі және соңғы палеолит кезеңі қоныстарының орны. Кеңестөбені 1958 жылы Қазақстан ҒА-ның Тарих, археологиялық және этнологиялық институтының Қаратау экспедициясы зерттеген.

Кеңестөбе-І

Кеңестөбе-І қонысы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Кеңестөбе ауылының қасындағы Сасық (Құрсан) өзенінің сол жағалауында орналасқан. Зерттеу барысында бұл жерден бірнеше қаламша, өзек тас, пышақ, қырғыш, тескіш, т.б. заттар табылды. Көпшілігі ақ, қызғылт түсті жылтырақ шақпақтастан жасалған.

Кеңестөбе-ІІ

Кеңестөбе-ІІ қонысы осы ауылдан солтүстікке қарай 4 км жерде, Ақмешіт әулие үңгірінен жоғары төбе үстінде. Бұл арадан ақ, сұрғылт шақпақтастан жасалған, тот басып, жүзі мұқалған көне тас құралдары шыққан. Бұлар бұдан 200–100 мың жыл бұрын тастан жасалған құралдар. Төменгі палеолиттің ашель-мустьер кезеңіндегі тас құралдарға ұқсас.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref> <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub