Кешенгүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Кешенгүл, мавзолея (Mausolea) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын монотипті шала бұта. Орта Азия мен Иранда кездеседі. Қазақстанда шөлді аймақтардағы құмды жерлерде өсетін 1 түрі – түкжемісті Кешенгүл (Mausolea еriocarpa) бар. Биіктігі 45 – 65 (70) см, сүректенген жуан тамырлы өсімдік. Бұтақты сабағының сыртын тегіс, ақшыл, жарылып кеткен қабықтар жауып жатады. Сабағының төменгі жағындағы жапырақтары сағақты, сабақ бойындағылары – қауырсынды тілімденген (ұзындығы 3 – 10 мм, ені 1,5 мм). Гүлдері қос жынысты, гүлорамының жапырақшалары екі қатарға орналасқан, гүлдеп болғаннан кейін түсіп қалады. Күлтесі түтікше немесе конус тәрізді. Гүлсебеті жарты шар тәрізді, олар шашақты сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – шілдеде жемістенеді. Тұқымы ұсақ, сыртын қалың түктер жапқан.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кешенгүл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}