Кецай Кеккетын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кецай Кеккетын (1918 жыл, Камчатка облысы, Тигиль ауданы - 1943 жыл) - коряк жазушысы.

Өмірі

Ленинградтағы Солтүстік халықтары институтына түсіп оқыған, өз елінде жаңа әліпби жасау Комитетінің инструкторы қызметін атқарды. Ол Эвныто туралы әңгімесіне өз әкесінің өмірін негіз етіп алған. Бұдан кеңестік құрылысқа белсене қатысқан күрескердің бейнесі көрінеді. Бұл әңгіме «Коряк» (1936) 1958 жылы орыс тілінде жарияланды. «Хоялхот» повесінде (1939) кулак қысымынан жәбір көрген жігіт пен қыздың революцияға дейінгі тағдыры туралы болады. «Соңғы айқас» (1936) повесінде Сібір халықтарына тән кәсіптік ерекшеліктер суреттелінеді. Ол А.С.Пушкин, А.П.Чехов т.б. шығармаларын коряк тіліне аударып, мектеп оқулықтарына енгізді. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапты. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>