Кеттітақыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
КЕТТІТАҚЫР– Бетпақдала жазығының шығыс бөлігіндегі қоныс. Жамбыл облысы Сарысу ауданында орналасқан. Кеттітақыр қонысы батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр. Теңіз деңгейінен 390 – 400 м биіктікте. Жонды-белесті келген жазықта тақыр типтес сортаңды, сұр қоңыр топырағы қалыптасқан. Тұран жусаны, баялыш, сексеуіл өседі. Маңында Сортаң, Соркілем, тағы басқа қоныстар бар. Батысында Көкөрім, Тоқымтыққан құдықтары орналасқан.
<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>