Кетебай Жолайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Кетебай Жолайұлы (шамамен 18 ғ-дың ортасында өмір сүрген) – батыр. Ырғыз бен Торғай өңірі маңында туып-өскен. Кетебай батыр Ерәлі сұлтанның баласы Темірмен бірге 1810 ж. қарақалпақтарды ығыстырып, Кіші жүз қазақтарының Жаңадария мен Қуаңдария өзендері бойынан Қызылқұмға қарай қоныстануына ат салысқан. Кейін Сырдария өз-нің төм. ағысы бойындағы қазақ ауылдарына маза бермеген қоқандықтар мен хиуалықтарға қарсы тұрған. 1793 ж. Орынбор ген.-губернаторы князь Г.С. Волконский қазақтардың саны, жай-жапсары туралы мәліметтер жинау мақсатында жаппас Көбек пен қазандық Ғалым Шахмұратовқа тапсырма береді. Олардың жиған мәліметтерінде “Сейін руының 4 аталығында 6 мыңдай отбасы бар, олар жол-жөнекей керуендерді тонап,Бұхарада саудамен айналысатыны, бастықтарының бірі Кетебай би” екені айтылған. Кетебай батырдан туған Өтетілеу би мен немересі Пірәлінің есімі бүкіл бір аймаққа таралып, шешендік сөздері мен билік шешімдері ел аузында сақталған. Батырдың ұрпақтары қазір Ақтөбе облысында тұрады.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кетебай Жолайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}