Кестелі қозықұйрық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Грибы в Донецке 003.jpg
Кестелі қозықұйрық

Кестелі Қозықұйрық(Agarіcus tabularіs) – базидиомицеттер класы агарикалар қатары қозықұйрық тәрізділер тұқымдасы, қозықұйрық туысына жататын саңырауқұлақ. Қазақстанда Қоржынтау, Сарыарқа, Балқаш маңындағы аласа таулы беткейлердің сазды, қиыршықтасты жерлерінде өседі. Жемістік денесі қалпақшадан және аяқшадан (діңгекшеден) тұрады. Дөңес, жазық келген қалпақшасының беті пирамидалар тәрізді бөлінген ұяшықтардан құралған. Оның диаметрі 5,5 – 14 см. Қалпақшасының астында гимений қабатында споралары жетілетін тақталары алдымен қоңыр, кейін қара қоңыр түске айналады. Қатты, ақ түсті аяқшасы сақина тәрізді болады. Ішкі жіпшумағы тығыз, жуан, ақшыл түсті. Зақымданған жері сарғая бастайды. Кестелі қозықұйрықтың жағымды иісі (жаңғақтың иісіне ұқсайды) болады, жеуге жарамды. Мамыр – шілде айларында споралары жетіледі. Кестелі қозықұйрық – өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кестелі қозықұйрық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}