Кесеқап

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Кесеқап.jpg
Былғары кесеқап

Кесеқапкесе салатын қалта. Дәстүрлі қазақ қоғамында көшіп-қонуға лайықталып басқұрдан, былғарыдан жасалған. Кесеқап аяққап, қолдорба сияқты төрт бұрышты етіп жасалмайды. Ұзындау келген тоқылған жалпақ басқұрға кесе сиятындай етіп қалта тігеді де, әр қалтаға кесе салып, сынбайтындай етіп орауға лайықталып жасалады. Оны қалташық деп атайды. Қалташықтар кейде жалпақ басқұрдың орта шеніне тігіледі де, екі жиегін айқастырып орауға лайықталып жасалады. Кесеқаптың сыртынан байлайтын бауы болады. Кейін кесеқаптарды былғарыдан да жасайтын болды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}