Керім Машырықов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Керім Машырықов (1909, Маңғыстау уезі Ақшұқыр ауылы – 1974) – ғалым, Геология-минералдар ғылым докторы (1957), профессор (1960), Түрікменстан ғылым академиясының академия (1959), Түрікменстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1969).
- Мәскеудегі Губкин атындағы тау-кен академиясын (1935),
- Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербург) Бүкілодақтық геология институтының аспирантурасын бітірген (1950).
- 1870 – 1919 жылдары маңғыстаулық түрікмендердің старшинасы болған Машырық қажының баласы.
- Красноводск (қазіргі Түрікменбашы), Ашғабад, Ташкент қалаларында білім алған.
- 1935 – 1939 жылдары асыра сілтеу қармағына ілініп, Ухта-Печора, Солтүстік темір жолдары лагерьлерінде болды. Айдауда жүріп геология партиялары мен экспед-ларында коллектор, геолог, басқару қызметтерін атқарған.
- 1940 – 1947 жылдары Красноводск, Ташховуз, Яғман, Балқан геологиялық экспедицияны басқарды.
- 1950 – 1958 жылы Түрікменстан ғылым академиясының вице-президенті,
- 1967 – 1970 жылдары Түрікмен мемлекеттік университетінің ректоры.
- 1960 – 1970 жылдары Түрікменстан «Білім қоғамы» басқармасының төрағасы. «Солтүстік-батыс Түрікменстанның юра дәуіріндегі көмірлі қабаттары және оның Қырым-Кавказ-Каспий маңының көмірі аймағына қатысы» (Ашғабад, 1958),
- «Түрікменстан геологиясының негіздері» (Ашғабад, 1973), т.б. еңбектердің авторы.
- Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>