Керуен Сарай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Керуен Сарай (Үлгі:Lang-fa Үлгі:IPA) — Азия құрлығында, Оңтүстік Еуропада, Қазақстан мен Кавказ елдерінде қалалар мен керуен жолдарының бойында ежелгі дәуір мен орта ғасырларда, ішінара жаңа дәуірде салынған аялдама, дамылдау орны.

Керуен Сарай тұрғызу ерте заманнан белгілі. Үлкен керуен жолдарының бойында («Ұлы жібек жолы», т.б.) көптеп тұрғызылған. Керуен Сарайлар, әсіресе, 7 ғасыр мен 19 ғасырдың аралығында халықаралық байланыс пен сауда-саттықтың дамуы әсерінен маңызды орын алды. Керуен Сарайдың екі түрі: төбесі жабық тұйық аулалы және төбесі ашығы бар. Жабық түрі Кавказда (Арменияда) жиі кездеседі. Керуен Сарайдың ортасында мал суаты, айналасында жолаушылар жайғасатын қонақ бөлмелер болған. Екінші түрінде көлікті ортадағы тұйық алаңға жайғастырып, бір кейде бірнеше қабатты шағын бөлмелерге жолаушылар орналасатын болған. Кейбір жерлерде К. с. кешенді түрде (дамылдау, қонақ үйі, мешіт, асхана, т.б.) салынған.Керуен Сарайлар көп жағдайда қамал-қорғандармен қоршалып, немесе рабаттар мен ханакаларға жалғастырыла салынған. Ірі Керуен Сарайлар Қазақстандағы ежелгі Отырар, Тараз, Түркістан, Сауран, т.б. қ-ларында болған. Сондай Керуен Сарайға әрі қорған-сарайға Жамбыл қаласы жанындағы Ақыртас ескерткішін (археолог Т.К. Бәсенов зерттеген) жатқызуға болады. Ә. Төлебиев <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Commonscat

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Керуен Сарай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}