Керогаз
Керогаз. Пілтесі асбест немесе мақта-матадан жасалған, бір немесе екі конторлы керогаздар болады.<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>
Асбест пілтелі керогаз
Керосин шығыны сағатына—180—190 г., 4 литр суды қайнату үшін 30—35 минут қажет. Резерзуарының сыйымдылығы 0,75 л.
Пілтесі мақта
Пілтесі мақта - матадан жасалған керогаздың қуаты асбест білтелі керогазға қарағанда екі есеге жуық төмен. Керосин шығыны — сағатына 80 г., 4 л суды қайнату үшін —55 минут жұмсалады. Резервуарының сыйымдылығы —1 л. Керогазды жағу кезінде нұсқауда көрсетілген ережелерді қатаң сақтау керек. Керосиннің орнына бензин немесе басқа жанармай қолдануға, жұмыс істеп тұрған кезде оған керосин құюға, үрлеп өшіруге, жанып тұрған керогазды бір орнынан екінші орынға қозғауға болмайды.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>