Кергелен аралдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Country

Кергелен аралдары немесе Кергелен архипелагы (французша: кең тараған түрі — Îles Kerguelen яки Archipel de Kerguelen, бірақ ресми түрде— Archipel des Kerguelen яки Archipel Kerguelen), сонымен бірге Жалғыздық аралы депте аталады — Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан аралдар тобы. Ол Францияның жері болып табылады.

Кергелен аралдары Үлгі:Coor dm-да орналасқан, және Жер шарының Солтүстік Америка құрлығында Канаданың Альберта және Саскатчеван провинциялары және АҚШ-тің Монтана штаты түйісетін жеріне қарама-қарсы орналасқан нүктесі. Архипелагтың Гран Терр (Grande Terre) деп аталатын ең үлкен аралының ауданы 6 675 шаршы километр, оның айналасында 300-ге тарта кішігірім аралдар мен аралшықтар орналасқан, жалпы алғанда архипелагтың ауданы 7 215 шаршы километрді құрайды. Аралдың ауа райы дымқыл әрі салқын, бірақ суық емес. Ауа райы жыл бойы бір қалпынан айнымай тұра береді. Күшті желдер жиі болып тұрады. Айналасындағы мұхитта жыл бойы мұз қатпайды.

Тарихы

Сурет:Port aux Français.JPG
Порт-о-Франсе

Кергелен аралдары «Адели аралы», «Крозе аралдары» және «Амстердам және Әулие Пауыл аралдарымен» бірге «Францияның оңтүстік және антарктикалық жерлері» атты әкімшілік құрылымның бөлігі болып табылады әрі өз алдына жеке басқарылады.

Аралдарды 1772 жылдың ақпанында француз жиһангезі Ив-Жозеф де Кергелен де Тремарек ашқан.

Аралдар ашылғаннан кейін көп ұзамай оған кит және итбалық аулаушылар (көбінесе британиялық, америкалық және норвегиялықтар) көптеп келе бастады. Олар сол 18-ші ғасырдың өзінде-ақ жергілікті киттер мен итбалықтардың санын аулау арқылы күрт азайтып жіберді. 19-шы ғасырда піл итбалықтарына да солай болды. Бірақ кит пен итбалықтарды аулауға тыйым салынғаннан кейін аралдардағы осыжануарлар түрдерінің көбі өз сандарын қалпына келтірді.

Аралдарда өткенде бірнеше экспедициялар болып қайтқан. 1776 жылы капитан Джеймс Кук та болып қайтты. 1940 жылғы желтоқсанда «Атлантис» герман крейсері аралға келді. Аралда біраз уақыт болып, теңізшілер кемені жөндеуден өткізіп, су қорларын толықтырды. Кеменің соғыстағы алғашқы шығыны да осы аралда орын алды: кеменің мұржасын сырлап жатқан бір теңізші құлап, мерт болған еді. Ол сол аралда жерленді, оның қабірі кейде Екінші дүниежүзілік соғыстағы немістердің ең оңтүстікте орналасқан қабірі деп аталады.

1940-шы жылдардың соңынан бері Кергелен аралы бірқатар ғылыми топтардың жұмыс алаңына айналды. Аралдың 50-100 адамнан, көбінесе іссапарға келіп жүретін ғалымдардан тұратын өзіндік халқы пайда болды. Үлкен аралда мысықтар көптеп кездеседі. Олар аралға бұрын келіп-кетіп жүрген кемелерден қашып, жабайыланып кеткен мысықтардың ұрпағы. Олар теңіз құстарына және сырттан әкелінген, жабайыланып көбейген үй қояндарын аулап күн көреді. Аралда тамаққа пайдалануға болатын жергілікті Кергелен капустасы да өседі. Аралда жер серіктерін бақылау бекеті орналасқан.

Сурет:Kerguelen-Trémarec.jpg
Ив-Жозеф де Кергелен де Тремарек

Аралдың негізгі елді мекені, ауданның орталығы Үлкен аралдағы Морбихан шығанағының шығыс бөлігінде орналасқан. Ол Порт-о-Франсе деп аталады. Онда бар, спорт залы, аурухана, кітапхана және Нотр Дам де Вон деп аталатын шіркеу бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:French overseas departments and territories Үлгі:Outlying territories of European countries

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кергелен аралдары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}