Кепсек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Кепсек, конрингия (Conringia) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда құмды жерлердегі өзендердің жағасында, құрғақ далалық аймақтарда, егістік жерлерде өсетін 3 түрі белгілі, соның ішінде жиі кездесетіні – шығыс Кепсегі (С. оrientalis). Кейде бұл түрді шытыр деп те атайды. Биіктігі 25 – 60 см, көкшіл, жалаң өсімдік. Сабақ түбіндегі жапырақтары жұмыртқа тәрізді, үшкір қысқарып келген. Сабақ бойындағылары эллипс немесе ұзынша жұмыртқа тәрізді. Тостағанша жапырақшалары таспаға ұқсас ұзын, күлтелері сарғыш түсті, әрең көрінетін жүйкелері бар. Гүлдері қалқанша гүлшоғырына топталған. Маусымтамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – 4 қырлы бұршаққын, оның ұзындығы 6 – 12 см, ені 2,5 см-дей. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, сарғыш қоңыр түсті, қысқа да жуан қылтанақтары болады. Шығыс Кепсегінің тұқымының құрамында май көп, ал жас бұтағын кейбір жерлерде көкөніс ретінде тағамға пайдаланады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кепсек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}