Кен орындарының моруы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кен орындарының моруы - кен орындарының жер бетіне жақын бөліктерінің мору процестері әсерінен химиялық және физикалық бұліну арқылы өзгеруі. Физикалық мору нәтижесінде кенорындары механикалық қирауға түсіп, еруі және бұлінуі қиын минералдардан шашылымдар жиналады. Химиялық мору нәтижесінде бастапқы руда ыдырап (әсіресе сульфидтер), қайта рудажаралу орын алады.

Кен тастілімі

Таскесім терминінің синонимі.

Кен типтері

Кенорындарға тән кендердің жіктелу түрлері; негізінен құрам және құрылым-бітім ерекшеліктері тұрғысынан жүйеленеді, бұл орайда олардың түсі мен физикалық-механикалық сипаттары қосалқы рөл атқарады. Табиғи кен типтерін даралау — кенорынды барлау шараларындағы ең басты мақсаттардың бірі.

Кен торабы

Кенді аймақтың немесе кенді белдемнің жеке-дара бөлшегі болып табылатын, өз шендестеріне қара ерітінділерінің жылжу жолдары мацында кендену төңірегі өзгерістері өнімдерінің белдемділік және көбінесе реттілік пен процесінің реттілігі себептеседі.

Кенденуді бақылау

Кендердің шоғырлану процесін геологиядык(металлогендік) тұрғыдан қамтамасыз ететін факторлар жиынтығы. Әдетте кенденуді бақылаудың құрылымдық, магмалық немесе стратиграфиялық түрлері жайлы түсініктер қалыптасқан. Мысалы, кенденуді бақылаудың құрылымдық түріне сәйкес, кейбір кендердің қайсыбір шоғырлары нақтылы қатпар түрімен немесес жыртылып-айырылу өңірімен тығыз байланыста ғана қалыптасуы, яғни олардың түзілуін құрылымдық кен бақылаушы факторлардың арнаулы түрлері ғана қамтамасыз етуі мүмкін.

Кенденудің аймақтық белдемділігі

Әр түрлі құрамды эндогендік кен орындарының, планетарлық және өте ірі кен кіріктірушілік аудандардың реттілікпен алмаса орналасуы. Ерітінділердің көтерілуі жарықтардың жарылуымен, жаңғыруларымен байланысты.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub