Кен орындарды бағалау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кен орындарды бағалау - геологиялық әдістер мен экономикалық есептеулер кешені жәрдемімен пайдалы қазба кен орындарының өндірістік тиімділігін анықтау. Аймақтық болжаудан бастап толықтай игеріп алуға дейінгі аралықтағы зерттеу, барлау, өндірістік игеру сатыларының барлығында да жүргізіледі. Бағалау езінің негізгі мәніне кен орын ашылғаннан кейін, алдын-ала барлаудан тыңғылықты барлауға етер алдында, кен орында өндірісте игеруге тапсырар алдында, сол сияқты анықталған, барланған жатындарды игеру процесі аяқталар қарсаңда ие болады. Пайдалы қазбалардың айқындалған белгілеріне геологиялық баға беру іздестіру-барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша жүргізіледі, бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты пайдалы қазбалардың сапасы мен олардың таралу ауқымын анықтау болып табылады. Геологиялық бағалау қорытындылары оң нәтижелер берген жағдайда нысанның өндіріс талаптарын қанағаттаруга қабілетті ең төмен мөлшерін анықтау мақсатында арнаулы экономикалық есептеулер жүргізіледі. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кен орындарды бағалау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}