Кен инженерлері (кітап)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кен инженерлері - кітап. Мәскеу қаласындағы «Наука» баспасынан 1981 жылы шыққан, көлемі 272 бет. Авторы - академик Н.В. Мельников. Кітап үш бөлімнен («Кен инженерлері», «Тау-кен өндірісі» және «Таукен ғылымы»), жалпы кен инженерлерінің арасынан шыққан айтулы инженер-ғалымдардың және кен оқу орындары мен кен өндірісінің аса көрнекті өкілдерінің ғылым өмірбаянынан құралған очерктер жинағынан тұрады.

Автор кітабының алғашқы бөлімінде 17 аса көрнекті ғалымдар мен профессорлар, әйгілі кен инженерлерінің ғылым һәм өндірістік үздік өмірлеріне тоқталады. Сол кездегі кеңестік тау-кен ғылымының көшбастар корифейлері А.А.Скочинский, А.М.Тернигорев, Л.Д.Шевяков, Г.И.Маньковский, И.Н.Плаксин, А.О.Спиваковский, тағы басқалары жайында сөз етілсе, сол ат төбеліндей ардақтылар қатарына қосып, шығыс халықтарынан тек қана академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен тылдық және ұйымдастырушылық еңбегінің көптеген қыры мен сырын ашатын мазмұнды очерк жазылған. Бұл очеркте Сәтбаев туралы кен инженері-геолоттардың қатарынан шыққан аса көрнекті ғалым, тау-кен тылымы мен геология ғылымының, өз заманының озық білгірі, ойшыл оқымысты ретінде сипатталады. Сәтбаевтың ұстазы болған профессор М.А.Усовтың жас Қанышқа деген әсерін өзінше ашық айтады. «М.А.Усов қазақтан шыққан жас студентке ерекше назар аударып, оның тамаша қабілетін таныды. Усов шәкіртіне геологияға құштарлықты үйреткен жоқ. Ол тек қана осы қасиетін дамыта білді» - деп жазады автор. Шынында да Сәтбаев институттағы оқуына дейін, Семей қаласындағы мұғалімдер училищесінде оқып жүргеннің өзінде әдебиетпен де, мәдениетпен де айналысып, қатарлас өскен досы М.О.Әуезовтың әсер етуіне де қарамай нақтылы ғылым, әсіресе табиғат зерттеу жүйесіндегі істе болуды өз тұжырымымен ертеректе болжаған еді. Усовпен кездесудің маңызы осы ойын жүзеге асыруға түрткі болды. Академик Мельников Сәтбаевтың соғыс жылдары «Жезді марганецін» ашып, оны іске қосудағы зор еңбегін ашып, дұрыс бағалайды әрі оның ғалымдығымен бірге адамгершілік қасиеттерін, қиындықта қайыспас қажырлылығын да сипаттаған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кен инженерлері (кітап)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}