Кеніш ауасын кондициялау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеніш ауасын кондициялаушахтада сыртқы (ауа райы, жыл мезгілі) және ішкі (адамдар, жылу көздері, ылғалдылық, әр түрлі газдар, шаң) факторлар әсеріне қарамастан ауаның құрамы мен қалыпты күйін сақтауға мүмкіндік тудыратын кешенді шаралар жиынтығы. Әдетте кеніш ауасын кондициялау деген ұғым тек ауаның тазалығын қамтамасыз ету ғана емес, оған қоса ауаның қозғалу жылдамдығын, ылғалдылығын және оның температурасын бір қалыпты сақтау деген ұғымды білдіреді. Ең ұтымды және экономикалық жағынан тиімді тәсіл шахтаның (кеніштің) немесе учаскенің тау-кен-геологиялық жағдайларының жиынтығын есепке ала отырып, таңдалуы қажет. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>