Кенорындар мен жатындарды іздеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенорындар мен жатындарды іздеу Мүнай және газ геологиясында: геологиялық барлау жұмыстарының іздеу сатысының соңғы тізбегі. Кенорынды іздеу жұмыстарын жүргізу нысандары әдетте терең ауға бұрғылауға геологиялық-геофизикалық әдістер көмегімен дайындалған жергілікті құрылымдары немесе өзге де тұтқыштары бар ("жатын" типтес қалыпсыздықтарды қоса есептегенде) келелі аймақтар болып табылады. Жаңа жатындарды іздеу жұмыстары мұнай мен газдың өндірістік қорлары бар екендігі қапысыз дәлелденген алқаптарда немесе қазірдің өзінде игеріліп жатқан кенорындар аумағында жүргізіледі. Сөз болып отырған жұмыстарды жүргізудің басты-басты мақсат-мүдделері төмендегідей: геологиялық қимадағы мұнайгазды немесе мұнай мен газға деген мүмкіндіктері бар деп есептелген кеиіендерді, жинауыштарды және жапқыштарды нақтылай түсу, сол сияқты олардың басты-қасиеттерін анықтау; мұнаймен және газбен қаныққан қойнауқаттар мен горизонттарды даралау, сынамалау және сынау, мұнай мен газдың өндірістік ағымдарын қамтамасыз ету, флюидтердің өзіндік қасиеттерін зерттеу және қойнауқаттардың сүзбелік-кіргізгіштік параметрлерін өлшеу; ашылған жататындардағы мұнай мен газ қорларын С2 категориясы, ішінара С] категориясы бойынша бағалау; геофизикалық талдау және бағалауға қажетті бұрғылау.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}