Кенорындарды тікелей іздеу.

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенорындарды тікелей іздеу Мұнай және газ геологиясында: көмірсутектердің жер қойнауларында шоғырлануына байланысты таужыныстар қимасының беткі бөлігінде, гидросферада. атмосфераның төменгі жапсарында туындайтын әр түрлі геофизикалық және геохимиялық қалыпсыздықтарды геологиялық-геофизикалық жұмыстар көмегімен тап басу. Кенорындарды тікелей іздеу жұмыстары геофизикалық әдістер тобын немесе геохимиялық әдістер тобын пайдаланады. Геофизикалық әдістерді қолдану негізі ретінде мұнай мен газ жатындары өздерінің физикалық қасиеттері жағынан оларды кіріктіретін сулы тұтқыштардан өзгеше сипаттарды иеленгендігі және сол көмірсутектердің өзге орталарға жылыстай енуі салдарынан жатындарды көмкеретін таужыныстардың физикалық сипаттарында әр түрлі қалыпсыздықтар туындайтындығы алынады. Әдетте көмірсутектер жатыны орналасқан өңірлер таужыныстар тығыздығының азаюымен, біріктірілген электрлік кедергісінін артуымен т.с.с. сипатталады. Аталған белдемдерді құрайтын таужыныстардың физикалық қасиеттерінің жаңағы келтірілген және өзге де ерекшеліктері әр түрлі геофизикалық әдістер көмегімен оп-оңай анықталады. Геохимиялық, әдістерді қолдану жатытындардан шашырай тараған көмірсутектер жер бетіне шейін көтеріліп, сол көтерілу деңгейлеріндегі судың, топырақ микрофлорасының құрамын, газдардың, сұйық таушайыр тектестерінің т.б. құрамы мен мөлшерін айтарлықтай өзгертуіне байланысты туындаған әр түрлі геохимиялык қалыпсыздықтарды саралауға негізделген. Геохимиялық әдістердің бес түрі белгілі:

  • газгеохимиялық;
  • гидрогеохимиялық;
  • микробиологиялық;
  • литогеохимиялық;
  • таушайыртанымдық.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}