Кенорындарды игеруге дайындау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенорындарды игеруге дайындау. Өндірістік мәні бар кенорындарда (жатындарда) жүргізілетін геологиялық барлау процесінің қорытынды сатысы. Бұл жұмыстардың басты-басты міндеттері: барланған қорларды С2 категориясы бойынша нақтылау мақсатында, сол сияқты мұнай кенорындарын игерудің технологиялық сұлбасын, ал газ кенорындарын игерудің тәжрибелік-өндірістік жобасын жасақтау үшін сол кенорындардың бұрғылау ұңғымалары көмегімен анықталған геологиялық-өндірістік параметрлерінің шындыққа сәйкестігін қадағалау; қорларды есептеу және мұнай мен газдың шығымдылық коэффицентін анықтау; кенорындарды (жатындарды) игеру барысында оларды одан әрі зерттеуді қамтамасыз ету. Басты-басты мақсат-мүдделерді жүзеге асыру барысында газ— мұнай—су жапсарларының қойнауқаттық деңгейлері анықталады, мұнайдың, газдың, конденсаттың және қойнауқаттық сулардың дебиті, сол сияқты қойнауқаттық қысым мен қанығу қысымының мөлшерлері өлшенеді, ұңғыманың өнімділік коэффиценті есептеліп шығарылады, жатындардың шектеусырттық алқаптармен гидродинамикалық байланысы зерттеледі, жинауыьитардың кіргізгіштік және сүзбелік сипаттарының, флюидтердің физикалық-химиялық қасиеттерінің жатын ауқымы мен қимасы бойындағы өзгермелілігі қадағаланады, мұнайдың өнімділік коэффицентін арттыру мақсатыңда жатынға және ұңғыманың оқпансырттық белдеміне әсер ету әдістерін таңдап алуды керек ететін қойнауқат сипаттары зерттеледі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}