Кенжек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенжек — орта ғасырларда Жетісу өңірінде болған қаланың тарихи жазбаларда кездесетін атауы. Махмұт Қашқари оны Кеншек-сеңгір қаласы деп атап, ол қала Тараздың түбінде, қыпшақтармен шекарада болған деп мәлімдейді. Кенжек туралы дерек араб жазушысы Шихабуддин Ахмет әл-Омаридің еңбегінде ұшырасады. Ол 13 ғасырда Талас алқабында бір-бірінен ара қашықтығы бір фарсан (4 км-ге жуық) Яныбалық, Кенжек және Талас қалалары болды деп жазады. Талас маңындағы Кинчат (Кенжек) қаласына 13 ғасырда Моңғолияға сапар шеккен Еуропа саяхатшысы Джованни Плано Карпини де соққан. Қала түріктің кенжек деген тайпасының атымен аталған. Махмұт Қашқаридың деректемелеріне қарағанда, кенжектер соғдылар мен аргулар сияқты екі тілде сөйлеген<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кенжек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}