Кенжебек Ниязұлы Ибрашев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенжебек Ниязұлы Ибрашев 1958 жылы 11 шілдеде Гурьев қаласында туған.

  • И.М. Губкин атындағы Мәскеу мунай институтын бітірген (1981), тау-кен инженері-бұрғышы. Техника ғылымдарының кандидаты.
  • 1975 жылдан - Каспий маңы мұнай барлау экспедициясында дизельші, моторшы. 1981 жылдан - «Ембімұнай» ӨБ Балықшы барлаушылық бұрғылау басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері, бұрғылау жөнінде аға инженер, бұрғылау учаскесінің бастығы,бас технолоғ. 1988 жылдан - «Гурьевмұнайгазгеология» ӨГБ Каспий маңы МБЭ бас инженері, «Ембімұнай» ӨБ Балықшы барлаушылық бұрғылау басқармасының бастығы. 1993 жылдан - «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ Атырау филиалының директоры, 1996 жылдан - вице-президенті, 1997 жылдан - президенті. 1998 жылдан - «ОКІОС» компаниясының әкімші менеджері. 2001 жылдан Agip КСО» компаниясының жаңа жобалар женіндегі менеджері 2002 жылдан - «Адір КСО» компаниясының аймақтағы жобалар женіндегі директоры. 2003 жылдан -"Agip" КСО» компаниясының ҚР-дағы бизнесті дамыту жөніндегі директоры. 2005 жылдан - «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ бас директорының бірінші орынбасары. 2006 жылдан «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директоры. 2009 жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры. «Құрмет» (1997), «Парасат» (2010) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, «Қазақстан мұнайына 100 жыл» төс белгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасыныңжер қойнауын Құрметті барлаушысы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}