Кене энцефалиті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Hsv encephalitis.jpg
Кене энцефалиті Ми зақымдануы.
Сурет:Acarinarium.png
Кене энцефалиті.
Кене энцефалиті (encephalіtіs acarіnarum) – кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды. Кене энцефалитінің вирусын Ресей ғалымдары Л.А. Зильбер, Е.Н. Левкович, т.б. Шығыс Сібірде ауруға шалдыққан адамдардың қанынан тапқан (1937). Бұл індет, негізінен, тайга кенесі (Ixodes persulcatus) мекендейтін орман-тоғайлы жерлерде, Қазақстанда Алтай, Қаратау, Күнгей Алатауы бөктеріндегі орманды аймақтарда кездеседі.

Ауру жоғары латенттілікпен сипатталады, 25-30% құрайды. Ауырғаннан кейін орталық жүйке-жүйесінде келесі органикалық өзгерістер байқалады:

  • әлсіз салдану
  • бұлшық ет атрофиясы
  • дискинезия
  • интелектің төмендеуі
  • кейде эпилепсия
Сурет:Tick male (aka).jpg
Dermacentor silvarum тасымалдаушы кенесі, аталығы

Этиология

Кене энцефалиті қоздырғышының құрамында РНК-сы бар вирус, флави-вирус (В тобы) тұқымдасына, арба-вирус (В тобы) этиологиялық тобының тога-вирус тұқымдасы. Вирус қоршаған ортада тұрақты. 1500-ден +300-ға дейінгі температура ауытқуларында өмір сүру қабілетін сақтайды. Кептіргенде және төменгі температурада өмір сүруін көп жылдар бойы сақтайды. Бірақ вирус қайнату кезінде тез жойылады (2 мин). Дезинфекция ерітіндісіне және УК-сәулеленуге төзімсіз. Вирустың 3 түрі ажыратылады: алыс шығыс энцефалит қоздырғышы, орталық Европалық энцефалит қоздырғышы, қос толқынды менинго-энцефалит қоздырғышы. Вирусқа нейротроптылық тән.

Эпидемиологияcы

Кене энцефалиті энцефалит қоздырғышы үшін табиғи ошақ тән. Жұғу жолы трансмиссивті. Антропургиялық ошақтары пайда болуы мүмкін. Кене энцефалиті вирусының тасымалдаушысы және негізгі резервуары болып иксодо кенесі болып табылады. Қосымша резервуары кемірушілер және т.б. сүт қоректілердің 130 түрі. Олар:

Кене энцефалитімен ауыратын адам тасымалдаушысы ретінде қауіпсіз. Берілу жолдары. Негізгі-иксодо кенесі арқылы трансмиссивті: шаққанда, мыжығанда. Ошақтарда инфекцияланған кенелер 1-5%-тен 15-20%-ке дейін. Вирус өмір бойы сақталады. Бұл жолға 80% жатады. Басқа жолдармен де жұғуы мүмкін: алиментарлы жол – шикі сүт пайдаланғанда (сиыр, ешкі, қой), лабораторлық жағдайда ауа-тамшы жолмен жұғуы мүмкін. Маусымы көктем-жаз. Жастық фактор 20-40 аралығында, ересектер жиі ауырады: қала тұрғындары, қонақтаушылар, жергілікті тұрғындар азырақ ауырады. Кенеге вирус ауру жануарлардың қанын сорғанда жұғады. Қан сорып, тойынған кене 20 – 30 есе үлкейіп кетеді. Вирус кененің денесіне жайылып ұзақ сақталады, тіпті ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Сондықтан осындай кенелер жайлайтын жерде Кене энцефалитінің тұрақты табиғи ошағы пайда болады. Елді мекендерде ірі қара мал, ешкі, қой және ит кенеден жұққан Кене энцефалитін таратады. Адамға орманды жерде жұмыс жасағанда, жеміс-жидек, саңырауқұлақ жинағанда, ағаш кесіп отын дайындағанда, қайнамаған сүт ішкенде, кене шаққанда жұғады. Бұл ауру көктем, жаз айларында (мамыршілде), кей жерлерде тамызқыркүйекте тарайды. Себебі, осы мезгілдерде кенелер ұрықтанып, тез көбейеді де, олардың белсенділігі артады. Вирустар кене организмінде көбейіп, шаққанда адамға жұғып, лимфоциттерде, бауыр мен көк бауыр клеткаларында, тамырдың ішкі қабатында өсіп-өніп, миға жетеді. Вирус жұлынды, мишықты және бас мидың жұмсақ қабатын зақымдайды.

Патогенезi

Вирустың кіру қақпасы-зақымдалған тері: алиментарлы шағу кезінде асқазан-ішек жолының шырышты қабықтары. Ену жерінде вирустың локальды көбеюі байқалады. Вирус қанға өтіп вирусемия және токсинемия дамиды, гематогенді және лимфогенді вирус, лимфа түйіндеріне, ішкі ағзаларға, ОНЖ-не өтеді. Онда жүйке жасушаларына тура әсерін көрсетеді (нейротропты). Әсіресе жергілікті сегмент жасушалары және бульбарлы бөлімінде таралады, көбінесе, өзгерістер ОНЖ-да дамиды, бірақ басқа ағзалар мен тіндер де зақымданады, морфологиялық тұрғыдан жедел қабыну дамиды. Тамырлық өзгерістер көбінесе жүйке жүйесінде келесі түрде пайда болады, геморрагия, эритро- және лейкостаздар, периваскулярлы инфильтрат, периваскулярлы және перицеллюлярлы ісіну.

Патанатомиясы

Патоморфологиялық өзгерістер негізінен: бас миы және жұлынның сұр затында (негізінен бас миының жұлын бөлігінде қозғалтқыш бөлігінде), сонымен бірге: ортаңғы ми, таламустық және гипоталамустық аймақтар, бас ми қыртысы, мишық, перифериялық нейрон қыртыстары, мұнда интерстициальды неврит дамиды, мидың жұмсақ қабаттары. Некротикалық процесстер келесі жерлерде көрінеді: жұлынның мойын бөлігінің алдыңғы мүйіздері, бас сүйек жүйкелерінің ядролары, ретикулярлы субстанциясында

Клиникасы

Инкубациялық кезеңі 1-3 күннен 25-30 күнге созылады. Орташа 7-14 күн. Кене энцефалитінің клиникасында 2 синдромды қарастыруға болады:

  • интоксикация синдромы
  • әртүрлі деңгейде орналасқан жүйке-жүйесінің зақымдалу синдромы

Осыған байланысты клиникалық түрлері бар:

  1. қызбалы
  2. менингеальды
  3. менингоэнцефалитикалық
  4. менингоэнцефалополиомиелитті
  5. полирадикулонневритті

Клиникалық түріне қарамастан ауру жедел басталып, жалпы интоксикация синдромымен өтеді. Байқалады: қалтырау, дене қызуының өте тез жоғарлауы 38-39С, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу. Науқастың бет әлпетіне тән: бет, мойын, кеуденің жоғарғы бөлігінің гиперемиясы байқалады. Көз коньюктивасы тамырының иньекциясы, кейде жас ағуы жақсы көрінеді. Науқастар: апатиялы әлсіз, сұраққа баяу жауап береді, үрей және қорқынышты сезеді, аурудың бастапқы кезеңінде тырысу синдромы байқалуы мүмкін.

Ішкі ағзалар бойынша: ЖҚЖ: тахикардия және брадикардия, гипотония, жүрек тондары әлсіреуі мүмкін. Асқазан-ішек жолдары -тілі жиі ақ жабындымен жабылған, ішіне жел толып, нәжісінің болмауы. Кене энцефалиті кезінде дене қызуы 5-6 күн бойы көтеріледі, сирек 2 апта. Аурудың жеңіл ағымында қызба 2-3 күн болады. Перифериялық қан: нейтрофильді лейкоцитооз 10-20х109 л мөлшерінде, ЭТЖ жоғарлаған Әрбір клиникалық формалар үшін белгілі бір клиникалық белгілер тән. Қызбалық формасы жалпы аурулардың 40-60% кездеседі. Бұл формасы ағымы және болжамы бойынша оң нәтижелі. Негізгі симптомы-қызба, ол бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақталады. Кейде болуы мүмкін: ұмытшақтық, әлсіз және тез өтетін неврологиялық симптоматика Жалпы интоксикация синдромы әлсіз және орташа көрінеді. Менингеальды формасы науқастардың 40-60% кездеседі және интоксикация синдромы кезінде серозды менингиттің дамуымен сипатталады. Клиникасында менингеальды синдром және ликвордың өзгерісі байқалады:

  • плеоцитоз 30-600 жасуша 1 мкл, лимфоцитарлы түрде
  • ақуыздың жоғарлауы 1-2 г/л

Ликвордың өзгерісі ұзаққа созылады: 2-3 аптадан бірнеше айға дейін. Нәтижесі жағымды. Менингоэнцефалитикалық формасы 15% кездеседі және аса ауыр ағыммен сипатталады. Жүйке жүйесінің зақымдалуы ошақты немесе диффузды сипатта болады. Ошақты менингоэнцефалитте клиникалық белгілері бас миының зақымдалу аймағымен анықталады. Бас миының жарты шарларының біреуінің ақ заты зақымдалуында болуы мүмкін:

  • оң және сол жақ аяқ қолдың спастикалық салдануы
  • беттің және тіл асты жүйкелерінің бір жақты зақымдалуы

Сол жақ жарты шарлардың зақымдалуында бұзылыстар сирек кездеседі. Мидың бағаналы бөліміндегі ақ заттың зақымдалуында: -альтернациялық синдром дамиды, яғни қабыну ошағындағы бас ми жүйкелерінің салдануы және дененің қарсы жағындағы аяқ-қолдың салдануы. Бас невртерінің ішінде жиі ІХ; Х; ХІІ жұп, мынандай көріністер береді: жұмсақ маңдай зақымдалуы, дауыс өзгеруі, сөздің бұзылуы, афония, жұтынудың бұзылуы, сілекей бөлінудің жоғарлауы, ¼ науқастарда бульбарлы бұзылыстардың дамуы. Коповников немесе Джексон түріндегі эпилепсия ұстамалары болуы мүмкін. Диффузды менингоэнцефалитте негізінен жалпы ми бұзылыстары белгілері байқалады: естің бұзылысы, эпилепсиялық ұстамалар. Сонымен қатар мидың ошақты зақымдалуы болуы мүмкін: науқаста жиі байқалады: қол треморы, бет және аяқ қол бұлшықеттерінің фибриллярлы тартылуы, терең рефлекстердің тежелуі, бұлшықет тонусының төмендеуі. Менингоэнцефалополиомиелиттік формасы науқастардың 1/3 кездеседі. Бұл формаға мына синдром тән: менингиальды, энцефалиттік, ошақты не диффузды, полиомиелиттік (жұлынның, мойын және жоғарғы кеуде бөлімінің алдыңғы мүйізінің таңдамалы зақымдануы), мойын, дене, аяқ-қол бұлшық еттерінің әлсіз зақымдалуы, кейде зақымдалады қабырға аралық бұлшықеттер және диафрагма. Бұл формаға тән симптом «кеудеге салбыраған бас»-бас вертикальды ұсталынбайды және кеудеге салбырайды. Бұл формада қолдың әлсіз парезі және спастикалық (пирамида-белгісі) аяқ парезінің үйлесуі мүмкін. Қозғалыстың бұзылуы 7-12 күн ішінде өседі, ал аурудың екінші, үшінші аптасында зақымдалған бұлшықеттердің атрофиясы дамиды. Полирадикулоневритті форма 2-4% жағдайда кездеседі. Бұл формаға интоксикация және менингеальды синдром тән: қыртыстардың және перифериялық жүйкелердің зақымдалуы, келесі белгілермен көрінеді:

  • «құмырсқаның жыбырлаған сезімі» сияқты парестезияның болуы
  • терінің әр түрлі аймақтарындағы шаншуы
  • жүйке бағаналарының бойындағы ауырсыну
  • «тартылымның» оң симптомы
  • аяқ-қолдың дистальды бөліктерінде «қолғап, носки» түріндегі сезімталдықтың бұзылуы

Әлсіз салдану әдетте аяқтан басталып, дене және қол бұлшық еттеріне тарайды. Кейбір науқастарда прогридиентті (созылмалы) форма дамиды. Бұл кезде жедел форма вирустың элиминациясымен аяқталмай вирус орталық жүйке жүйесінде сақталады. Бұл аурудың прогридиентті (созылмалы) ағымына әкеледі. Қос толқынды кене энцефалитi. Алиментарлы зақымдалуына байланысты қос толқынды сүт қызбасымен байланысты. Қос толқынды қызба тән: бірінші 3-5 күн, содан кейін апераксия кезеңі 3-8 күнде болады, содан кейін менингоэнцефалит дамиды. Бұл форманың ағымы қатерсіз болады.

Диагноз қою

Диагностика негізделеді: клиникалық, эпидемиологиялық мәліметтер, лабораторлы, вирусологиялық, серологиялық әдістер: РСК, РПГА, ИФА, РТГА, жұп сарысуда бейтараптау реакция, 2-3 апта интервал аралығында алынады.

Емі

Госпитализациялау міндетті түрде жүргізіледі. Емі комплексті және оған кіреді:

  • төсектік режим (интоксикация синдромдары кеткенге дейін)
  • энцефалитке қарсы арнайы донорлық иммуноглобулин, күніне 3-12 мл мөлшерінде 3 күн ішінде. Ауыр формасында күніне 2 рет 6-12 мл-ден, аралығы 12 сағат иммуноглобулинді неғұрлым ерте енгізу қажет.

Этиотропты терапия. Рибонуклеаза гематоэнцефалитикалық барьер арқылы өтіп, вирустың көбеюін тежейді. Әр 4 сағат сайын 30 мг дозасында бұлшық етке физиологиялық сұйықтықпен (180 мг тәулігіне), 4-5 күн уақыт аралығында енгізіледі. Бірінші дозаны Безредко бойынша десенсибилизациядан кейін енгізеді. Сонымен қатар интерферон препараттар қолданады:

  • реоферон
  • лейкинферон және басқа интерферон индукторы:
  • амиксил
  • циклоферон

Патогенетикалық терапия:

  • дезинтоксикациялық
  • дегидратациялық
  • гормонтерапия
  • симптоматикалық терапия

Реконвалесценция кезеңінде:

  • витамин В тобы
  • прозерин
  • дибазол
  • антигистаминді препараттар

2-3 аптадан кейін температура қалыпқа келгеннен кейін (ауру) науқастар шығарылады. Реконвалесценттерді ұзақ уақыт диспансерлеу керек.

Кене энцефалитінен алдын ала сақтану жолдары

кенені, масаны және түрлі кемірушілер|ді жою; бұл үшін олардың мекенін ДДТ және гексахлоран препараттарымен улау қажет; орманда жұмыс істеген кезде адам жиі-жиі киімін, денесін тексеріп отыру керек; егер денеге жабысқан кене табылса, оны бірден жұлып тастамай, өсімдік майын тамызып түсіреді. Кенені жабық ыдысқа салып, тексеру үшін вирусологиялық лабораторияға тапсыру қажет. Кене шақты деп күмәнданған жағдайда тез дәрігерге қаралып, арнайы қан сарысуын (сыворотка) немесе гамма-глобулин еккізу керек. Вакцинация 1-1,5 ай. Тірі және инактивирленген вакцина -1 мл тері астына күніне 3 рет енгізеді Кене энцефалитімен ауырған науқасты емдеу үшін, қанына уротропинді глюкоза жіберіледі, пирамидон, түрлі антибиотиктер, ауру өрши түссе, глюкокортикоидты гормондар беріледі.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер:

<references/>

  • Микробиология. В. Д. Тимаков, В. С. Левашев, Л. Б. Борисов. Издательство: Медицина. 1983 г. 512 стр.
  • Медицинская микробиология, вирусология, иммунология. Л. Б. Борисов Издательство: Медицинское информационное агентство. 2005 г. 736 стр. ISBN 5-89481-278-Х
  • Микробиология, вирусология и иммунология. Под редакцией В. Н. Царева. Издательство: Практическая Медицина 2010 г. 584 стр. ISBN 978-5-98811-154-2
  • Жұқпалы аурулар. А. Қ. Дүйсенова. Баспа: Эверо. Алматы 2009 ж. - 424 б. ISBN 978-601-240-082-3

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кене энцефалиті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}