Кененбай Молданұлы Қожабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кененбай Молданұлы Қожабеков (3 ақпан 1928, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы — 3 қараша 1988, Алматы) — актер, Қазақ КСР-інің халық артисті (1972). Алматы театр училищесін бітірген (1950).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

1950—1961 жылы Республыкалық балалар мен жас өспірімдер театрында қызмет етті. Сол театрдың сахнасында ойнаған басты рөлдері: Алдар, Ғани (Ш. Хұсайынов, «Алдар Көсе», «Біздің Ғани»), Доброходов (М. Ақынжанов, «Ыбырай Алтынсарин»), Шагабутдинов (Д. А. Фурманов, «Бүліншілік»), т.б.

Кинодағы алғашқы жұмысы — «Аласталған Алитет» фильміндегі (1950) Айенің рөлі. Ол сонымен қатар «Жамбыл» (1952, Нәдір), «Қыз-жігіт» (1955, Айдар), «Бұл Шұғылада болған еді» (1955, Бақытжан), «Мазасыз көктем» (1956, Атабаев), «Менің атым Қожа» (1963, Әмірқұл), «Қыз Жібек» (1970, Сырлыбай), «Қан мен тер» (1978, Алдаберген), «Жаушы» (1970, Манай), «Қасқырдың апаны» (1984, Бабахан), т.б. фильмдерде ойнап, кейіпкерлерінің жан дүниесін ашуда психологиялық тереңдікке, образдылыққа жетті, типтік жинақтау үлгісін көрсетті.

«Халықтар достығы» орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub