Кенді заттардың шашырау жиексәулелері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенді заттардың шашырау жиексәулелері - пайдалы қазба шоғырларын қоршаған өңірлердегітау жыныстарында кенді құрамбөліктердің фондық мөлшерден көп болуы. Алғашқы және қайта түзілген жиексәулелер болып бөлінеді. Соңғысы өз кезегінде механикалық, тұздық, гидрохимиялық (сулық)және атмохимиялық болып сараланады.

Кенді кешен

қозғалмалы белдемдер дамуының нақтылы сатысына тәуелді, нақтылы магмалық кешенмен генетикалық немесе парагенетикалық байланыста қалыптасқан рудалы кендер тобы.

Кенді қалта (қапшық)

кіріктіруші тау жыныстары арасында терeңдіктерге қарай созылған шағын рудалы дене; мөлшері штоктармен қарайлас.

Кенді қат-қабат

кенді түзілімдерді кіріктіретін нақтылы стратиграфиялық бөлімше (свита, серия, қойнауқат және т.б.) атауы.

Кенді нүкте

Қазбаның мөлшері де, сапасы да өндірістік игеру нысаны болуға жарамсыз өте шағын кен білінімі. Синонимі: минералданған нүкте.

Кенді ошақ

Жер қойнауларында руда кіріктіруші ерітінділердің туындау орны.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub