Кендіржапырақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Кендіржапырақ(Datisca) – өзімен аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Кавказда, Жерорта теңізі жағалауларында, Балқан түбегінде, Иранда, Үндістанда (Гималайда) тараған 2 түрі белгілі. Қазақстанда Іле Алатауында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда кездесетін 1 түрі – кендіртүс Кендіржапырақ (D. сannabina) бар. Оның биіктігі 60 – 100 см. Қандауыр тәрізді жапырақтары ірі (ұзындығы 10 – 20 см), жиегі аратісті тілімденген. Гүлдері – қос үйлі, қызыл түсті, сабақ ұшында шашақтала орналасқан. Аталығы 6 – 13, аталық гүлдері сағақты, аналық гүлдері үшқырлы тостағанша жапырақтардан тұрады. Маусымшілде айларында гүлдеп, шілдетамызда жемістенеді. Жемісіқауашақ, тұқымы өте ұсақ. Кендіржапырақ – дәрілік, бояулық және талшықты өсімдік. Оның тамырында, жапырағында және гүлшоғырында сары пигмент (датистин) бар, оны жүн және жібекті сары түске бояу үшін қолданады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кендіржапырақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}