Кенденудің атқылама таужыныстармен байланысының критерий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенденудің атқылама таужыныстармен байланысының критерий — мұндай байланыстылықтың болатындығын айқындайтын белгілер. Олар кеңістіктік, уақыт аралығындық, құрылымдық, генетикалық,парагенетикалық болуы мүмкін.

Кенденудің бастапқы белдемділігі

Кендену құрамының кеңістіктегі өзгеру зандылығы (геологиялық тұзілімнің кейбір түріне байланысты — тектоникалық белдем, интрузия,жарылым, жапсар және т.б.); байқалу ауқымына қарай оның аймақтық белдемділік, кен тораптылық белдемділік, жеке кен орындардың белдемділік деңгейлері сараланады.

Кенденудің жасырын көрсеткіштері

Алғашқы немесе қайта тұзілген шашырау жиек сәулелерінде байқалған игеруге жарайтын минералдар немесе олармен генетикалық байланысты серіктес — минералдар. Алғашқысы тура, ал екіншісі — жанама көрсеткіштер деп аталады.

Кенденудің жікқабаттық белдемділігі

Кенденудің бір таужыныстан екіншісіне өтуі кезіндегі сандық және сапалық өзгеруі. Кенденудің жікқабаттылығы таужыныстың құрамына, сіңіргіштік реакциялық қасиетіне және т.б. байланысты.

Кенденудің кезеңдік белдемділігі

Кенденудің пульсациялық белдемділігінің жеке бір түрі. Жеке кен денелеріне тән бұл белдемділік, тектоникалық ажыраудың қайталануымен, жарықтардың ашылу кезектілігімен және кен іші метасоматозымен байланысты.

Кенденудің кері белдемділігі

Кенді дене немесе кен орны көлеміндегі жоғары температуралық ассоциацияның терендеген сайын төмен температуралықпен алмасуы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub