Кеме өткізетін шлюз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеме өткізетін шлюз — өзендегі немесе канаддағы кемені және салды бір деңгейдегі судан екінші деңгейдегі суға өткізуге арналған гидротехникалық құрылыс. Кеме өткізетін шлюз ұзына бойындағы қабырғалармен және қақпалармен (жапқыштармен) қоршалған камерадан тұрады. Кемені төменгі бъефтен жоғарғы бъефке көтеру үшін төменгі қақпа ашылғанда кеме камераға кіргізіледі, одан соң қақпа жабылып жоғарғы деңгейдегі бъефке дейін толған су деңгейімен бірге жоғары көтерілген кеме жоғарғы қақпа арқылы сыртқа шығарылады. Кемені жоғарғы бъефтен төменгі деңгейдегі суға түсіру үшін шлюздегі су деңгейі төменгі бъеф деңгейіне дейін төмендетілгенде кеме де төмен қарай түседі. Шлюз камерасының мөлшері жүк айналымына байланысты бір немесе екі қатарға тізілген есептелген бір кеменің немесе кемелер тобының габариті бойынша анықталады. Кеме өткізетін шлюз бір камералы, екі және көп камералы, бір және көп баспалдақты болады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кеме өткізетін шлюз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}