Кемел Ақышев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кемел Ақышев — (23.5.1924, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, 4-ауыл) - археолог, тарих ғылымдарының докторы, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі.

Өмірбаяны

Әскери училищені аяқтаған соң майданға аттанады. 1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөліміне аспирантураға түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды. Студенттік жылдары археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО ҒА Тарих, археология, этнография институтының археология бөлімінің меңгерушісі, содан кейін Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде археологиялық реконструкцияның лабораториясын құрады.

1950 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам» (б.з.б. \/-І\/ ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. \/І-\/ ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты.

Жобалары

  • "Курган Иссык. Искусство саков Казахстана",
  • Позднесредневековый Отрар,
  • Отрар в XIII-XV веках,
  • В глубь веков'.

Жетістіктері

  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982),
  • ҚР ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы арнаулы сыйлығының лауреаты (1966) .
  • Герман Археологиялық институтының корреспондент-мүшесі (1983).
  • Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1989).
  • «Парасат» орденімен марапатталған (1998).<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>