Келінтөбе каналы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Келінтөбе каналы– Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы канал. 1966 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 86,4 км. Секундына 202 м3-ге дейін су өткізеді. Канал бойындағы су құрылымының саны 20. Жаңақорғанның бас каналының тармағы болып есептелетін Келінтөбе каналы күріш, мақта дақылдарын суғару, суландыру үшін пайдаланылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>