Келес өңірінің ескерткіштері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Келес өңірінің ескерткіштері– ежелгі тайпалардан қалған ескерткіштер. Келес ауданы Келес өзенінің оң және сол жақ жағалауларында ежелгі тас дәуірінен орта ғасырларға дейінгі мерзімде өмір сүрген алғашқы адамдар мен тайпалардың тіршілік үшін жасаған құрал-сайман, қару-жарақ, мекен-жайларын білдіреді. Бұлар осы өңірлерде, әсіресе, Қазығұрт тауының бөктері мен Келес даласында көптеп кездеседі. 1973 – 1974 жылдары қасиетті Қазығұрттың бөктері мен Өгем, Қаржантау тауларынан, Жалпақсу І, ІІ, ІІІ, Қияқты, Сусіңген, Жалғызарша жерлерінен көне тас дәуірі мен орта тас дәуірлерінің тұрақты мекен-жайларын, тас дәуірінің ескерткіштерін тапқан. Сондай-ақ 1948 – 1958 жылдвры Г.В. Григорьев, А.Н. Бернштам, Г.И. Пацевич, А.Г. Максимовалар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, б. з. б. 3 – 6 ғасырларда өмір сүрген тайпалардың обаларын, 9 – 12 ғасырлардағы тарихи тұрғындардың тұрақты мекен-жайларын зерттеген. Ал 1990 жылдан бастап Д.Тәлеев қаңлы дәуірінен орта ғасырдың орта кезі (10 – 12 ғасырлар) мен соңғы кезеңінің археологиялық ескерткіштерін ғылыми айналымға енгізді.

Дереккөздер

  • Григорьев Г.В., Келесская степь в археологическом отношении (к истории культуры древних саков) //
  • «Известия. АН КазССР, Серия археология», в. 1, 1948; Агеева Е.И., Пацевич Г.И.,
  • Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // Тр. ИИАЭ Ан КазССР, 1958.

С. Жолдасбаев <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Келес өңірінің ескерткіштері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}