Келермес обалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Келермес обалары – сақ дәуірінен сақталған ескерткіштер (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар). Солтүстік Кавказдағы Адыгей Республикасындағы Келермес ауылы маңында орналасқан. Бірнеше тарихи дәуірлердің ескерткіштерінен тұратын зираттың келермес обалары деген атпен ғылымға енген алты үлкен обасынан ерте сақ мәдениетіне қатысты әлемдік маңызы бар заттардың (қару-жарақ, ат әбзелдері, әшекейлер) үлкен тобы табылған. Төрт обаны 1903 жылы тау-кен маманы Д.Г. Шульц қазды. Қазба барысын құжаттаудағы дұрыс зерттеу тәсілін қолданбауы, оның үстіне табылған бағалы заттардың біразын талан-таражға салуы себепті обалардың құрылымдық деректері, т.б. мәліметтері толық емес. 1904 жылы профессор Н.И. Веселовский екі обаны қазды. Келермес обалары берген ерте сақ кезеңінің тамаша өнер бұйымдарын кейін А.А. Иессен, М.И. Артамонов, В.А. Ильинская, А.И. Тереножкин, т.б. көптеген ғалымдар зерттеді. Обалардың астында ауд. 100 шаршы м-ге жуық үлкен шұңқыр қабірлер ашылған. Мүрделер 2 м-ден астам тереңдікте ағаш құрылыстардың ішінде алтыннан, қоладан, темірден жасалған бағалы бұйымдарымен бірге жерленген. Сонымен қатар, қабірдің шеткі жақтарында көптеген аттарды көмген. Мыс., 1-ші обада қабірдің екі жағында 12-ден барлығы 24 ат, ал 2-ші обада 18-ден барлығы 36 ат көмілген. Келермес обалары ерте сақ кезеңінде дәулетті ақсүйектер жерленген ескерткіштерге жатады. Сақ тарихында олардың Алдыңғы Азияға барған жорығы ерекше орын алатынын ескерсек, осы жорыққа нақты дәлелдер болатын жәдігерлердің бірі – осы обалар. Олардың негізгі құндылығы да осында. Келермес обалары сақтардың тарихи жорығын деректермен дәлелдейтін Армениядағы Кармир-Блур, Ирандағы Зивие ескерткіштерімен маңызы жағынан бір қатарда тұрады. Ғалымдардың пікірінше, келермес обалары сақтар Алдыңғы Азиядан қайтып келгеннен соң салынған. Мұндағы заттардың бір тобы, оның ішінде алтын, күміс ыдыстар, айна, т.б. әшекейлер Алдыңғы Азиялық, яғни ассириялық дәстүрмен жасалған. Кавказдық ұсталардың заттары, одан тыс сақтардың өзіне тән дулығалары мен қазандары, садақ жебелері бар.<ref name="ReferenceA">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref><ref name="ReferenceA"/><ref name="source2">Артамонов М.И., Сокровища скифских курганов, Прага – Ленинград, 1966; Ильинская В.А., Тереножкин А.И., Скифия 7 – 4 Киев, 1983.</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Келермес обалары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}