Келбет
Келбет – 1) бет-әлпет, пішін, түр-тұлға, кескін, мүсін; 2) ауыспалы поэтикалық, көркемдік мағынада қолданылғанда бейнелік ұғым. Мысалы, өмір келбеті, сұлулық келбеті, ел келбеті. Бірақ, мұндағы келбет жай ғана бейне ұғымында емес – көркем, көрікті, сымбатты, ажарлы бейне ұғымында қолданылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
Геологияда
Келбет — минералогияда және кристаллографияда: кристалдардың дербес пішіндері дамуының нәтижесінде қалыптасатын сырт келбеті. Бұл келбет кристалдың үш бағыттағы осьтері бойымен өсу дәрежесі тұрғысынан анықталып, басты-басты үш түрге бөлінеді:
- 1) тең өлшемді келбет (кристалдың үш бағыттағы да өсу дәрежесі шамалас мөлшерімен сипатталады);
- 2) бағаналы, призмалы, сырықтүр-қылас, инетүрқылас, талшықтүрқылас келбеттер (кристалдың екі бойындағы мөлшерлері бірдей, ал үшінші осі бойымен ол әлдеқайда каркынды өскен);
- 3) кестелі,тақташалы, парақты, қабыршақты келбеттер (кристалдың екі осі бойындағы мөлшерлері шамалас, ал үшінші осі бойымен баяу өскен).<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер:
<references/>