Кейінгі қайта өрлеу дәуірінің суретшілері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Леонардо да Винчи (1452—1519)

Ұлы кескіндемеші, мүсінші, сәулетші, инженер, математик Леонардо да Винчи Флоренция мен Пиза аралығындағы Албан тауларының етегіне, Винчи қалашығы маңындағы Анкиано селосында 1452 жылы дүниеге келеді. Оның балалық шағы өткен жердің табиғаты аса ғажайып, қарақошқыл тау өркештері, жүзімдіктердің жасыл желектерімен қатарласқан көкжиек. Сол таулардың арғы жағында алыста, Айкнанодан көріне коймайтын теңіз бар. Жырақта қалған мекен болғанмен, маңында кең алқапты кеңістіктер мен шыңдар бар.

Леонардоның әкесі Пьеро да Винчи нотариус болған. Пьероның өз ата-бабалары да нотариус болатын. Әкесі, сірә, Леонардоның тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген болуы керек. Болашақ ұлы суреткердің ерекше дарындылығы өте ерте көрінді. Бірде әкесі өзінің бір танысы беріп жіберген дөңгелек қалқанды үйіне әкеліп, ұлына сол танысын сүйсіндірерліктей бейнелеп, әшекейлеп беруді өтінеді. Леонардо бұл қалқанды қисық әрі бұдыр-бұдыр деп тауып, оны мұқият тұзейді. Онан кейін шегірткелер мен кесірткелердің алуан түрін, жыландарды, көбелектерді, ірі теңіз шаяндарын, жарғанаттар мен басқа жәндіктерді әкеліп толтырады. Осы мақұлықтарды қарап отырып шабыттанған ол әрқайсысының бейнесін фантастикалық үйлесімде пайдаланады. Сөйтіп, қалқанды әшекейлеу үшін құз жартастардың арасынан өрмелеп шығып келе жатқан әлдебір кұбыжықтардың бейнесін жасайды. Сол құбыжықтардың аузынан у төгілтіп, көзінен от ұшқындатып, танауынан түтін будақтатады.

Қалқанды әшекейлеудің Леонардоны баурап алғаны соншалық, "өнерге деген ұлы сүйіспеншілігі" оған сол аралықта шетінен қырылып калған өлгі құрт-құмырсқа, бақашаяндардың сұмдық жаман иісін байқатпаған. Ал құрметті нотариус осы қалқанды көрген кезде өзінің көз алдында тұрған бар болғаны шебер суретшінің туындысы екеніне сенбей, корыққанынан шегіншектей берген. Леонардо оның көңілін орнықтырып: "Бұл туынды өзінің міндет-мақсатына жауап беріп тұр", — деп, ғибраттылықпен әшекейді түсіндіріп берген. Ақырында Леонардоның бұл қалқаны миландық герцогтың қолына келіп түседі, ол осы қалқан үшін көп ақша төлеген. Міне, осылайша кейде, тіпті болмашы нәрселер арқылы көп нәрсені білген Леонардо да Винчи бала жасынан бастап өле-өлгенше өзінің шығармашылық күш-куатын қайта-қайта тексеріп отырған. Ал оның осы өнерге құштарлығы бүкіл жан дүниесін кернегенде, ол ғаламат дүниелер тудыра білген.

Леонардо да Винчидің көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп емес. Леонардоның жаратылыстану ғылымдарымен және инженерлік іспен айналысуы өнерде жемісті жұмыс істеуіне кедергі жасады деген сөз бар. Верреккиодағы окуы аяқталғаннан кейін Леонардо Флоренцияда өнер биігіне талпыныс жасай жүріп, өз дарынын өр алуан салада байқап көрді. Ол сәулетшілік чертеждар сызды, Пизаны Флоренциямен қосатын канал жобасын, су күшімен қозғалысқа келетін диірмендердің, шұға басатын машиналар мен снарядтардың суреттерін салды. Эрмитаждың бағалы қазынасының бірі болып отырған "Гул ұстаған Қцдай-апа"Құдай-ана JIumma" деген суреттер де осы кезге жатады (қосымшадағы 6-сурет).

Леонардо бұл туындыны жасаған кезде жиырма алтыда еді. Бұл кезеңде суретші ұлы кескіндеме өнерінде жоғары дәрежедегі шеберлікке жеткен болатын. Бұл картинаны көрген сайын ерекше толқып, таңданбасқа шара қалмайды. Мұндағының бәрі қарапайым, соншамп айқын, бірақ, сонымен қатар өмірдің өзі сияқты шексіз күрдеді болатын. Болмыс заңдарын талмай зерттеген бұл шығарманың авторын өз туындысын мейлінше еркін жасай алатын дәрежеге жеткен тұңғыш суретші еді. Жарық пен көлеңкені нәзік кіріктіру арқылы ол өзі бейнелеген фигуралардың ауқымдылығын аша түседі. Адам — табиғаттың жетілген перзенті екені мәлім. Сондықтан оның өмір қожасы ретіндегі рөлі күш-жігері мен еркіне толык бостандық берілгенде ғана қамтамасыз етіледі. Жүзіндегі бақытты күлкісіменен бізді куанту үшін оп-оңай басын бұра қойып, одан соң алдындағы томпиған ұлымен мәз-мейрам боп ойнап кетуге бейім. Әлі балалығы арылмаған мына еркелеген ана бейнесі бізге осыны дәлелдеп тұрғандай.

Алайда "Гүл ұстаған Құдай-ана", сайып келгенде, ішкі киеліліктен арылған хронологиялық бейне. Біздің алдымызда, бар болғаны өзінің баласымен ойнап отырған жас ана ғана отыр. Одан ана табиғатының мәңгі жарастығы мен поэзиясын аңғарасың. Картинаның шексіз таңғажайыптығы да, міне, осында.

Замандастырының айтуы бойынша, Леонардо дене бітімі келісті, сымбатты, қараған жанды өзіне тартып тұратын жылы жүзді адам болған. Сәнді киіне білген, ол кезде жұрт ұзын киім киетін болса да, Леонардо үстіне қысқа қызыл плащ киіп жүрген. Оның әрдайым толқынданып тұратын, жақсы таралған сақалы кеудесіне түсіп тұрады екен. Ол әңгіме айтқанда жұрт назарын еріксіз аударып, адам ықыласын өзіне тартып алатын болған.

Тіпті аз табыс тапқанының өзінде де ол әрдайым жылқы ұстап, оны басқа жануарлардан гөрі қатты ұнатқан. Сондай-ақ біз оның үнемі сурет салып, әрі жазу жазып жүргенін білеміз.

Зерттеушілердің қолына түскен Леонардо да Винчидің жеті мың беттей қолтаңбасы бар. Зерттеуші: "Мұнда бәрі бар — физика, математика, астрономия, тарих, философия, новеллалар, механика. Қысқасы — бұл керемет, бірақ, керісінше шайтанның шатпағындай етіліп жазғаны соншалық, оның екі немесе үш бетін түсініп, көшіріп алуға талай рет бүкіл таңертеңгілік уақытымды сарп еттім", — деп танданып айтқан екен.

Бізге Леонардоның салған мынадай суреттері жетті: ұшудың әр ғурлы кезеңіндегі қанаттардың жан-жақты көрінісі, желге қарсы ұшқан құстың құлдилауы және тағы басқа. Ал онан соң сынақ тәжірбилердің нәтижесі іспетті көлбеу ұшатын ұшақ, тік ұшатын ұшақ, ұшақ қанатын сынау, тікұшак, парашют...

Ол кезде бұл терминдер әлі болған жоқ, бірақ біз оның қағаздарында қазіргі сол механизмдерге ұқсас дүниелер сызылғанын айқын көреміз.

“Арман қала" — Леонардоның тағы басқа да көп суреттері мен жазбаларының тақырыбы осындай. "Мұндай қалада, — деп көрсетеді ол,- көшелер әр түрлі деңгейде салынуы тиіс,соның өзінде ат арбалар мен басқа да жүк арбалары тек төменгі жолдармен жүруі керек, ал қала неше түрлі қоқсықтардан бір аркадан екінші аркаға дейін жүргізілген жер асты өткелдері аркылы тазартылып отырады."

Леонардо адамдар мен жануарлардың өлігін жарып көрді. Сондықтан да оның көптеген анатомиялық этюдтері өзінің дәлдігімен, сол кездер үшін теңдесі жоқ білімдарлығыменен таңғалдырды. Ол адамның құйымшағындағы омыртқалар санын бірінші болып айқындаған болатын. Ол өмірдің қалай басталатының және калай бітетінін білгісі келіп, құрбакалардың басы мен жұрегін алып тастап және жұлынын тесіп тәжірбиелер жасады. Ал оның кейбір суреттерінде ұзын түйреуішпен тесілген шошқа жүрегінің соғып тұрғандығын бейнеледі.

Бірде, күлген адамдарды бейнелемек болған ол біраз кісіні іріктеп алады да, оларды өзінің достарымен бірге тойға шақырады. Шақырған кісілері жиналып болғанда, ол өлгі іріктеген адамдардың қасына барып отырады да, мағынасыз, күлкілі нәрселер жайында әңгімелей бастайды. Жұрттың бөрі қыран-топан күлкіге беріледі, ал суретішінің өзі әлгі адамдардың бет-әлпеттері калай өзгергенін бағып отырады да, соның бәрін есіне сақтап қалады. Қонақтар кетісімен Леонардо да Винчи өзінің жұмыс бөлмесіне барып, әлгілерді жете бейнелегені соншалық — оның салған суретіне жұрт сол суреттің тірі модельдерінен де қаттырақ күлуге мәжбүр болған.

Леонардоның керемет ұлы туындысы және барлық замандардағы кескіндеме шығармаларының ең ғаламаттарының бірі — "Құпия жиын" бізге жартылай бүлінген түрінде жетті. Бұған, бір жағынан, Леонардоның өзі де кінәлі. Бұл композицияны ол Миландағы Әулие Мария делла Грацие монастырындағы тамақтану бөлмесінің қабырғасына салды. Қабырғалық кескіндемеге жарқын көрініс беруге ұмтылған ол, бояулармен сәтсіз тәжірбиелер жасады да, оның өзі бұл туындының тез зақымдануына әкеліп соқты. 1796 жылы Миланды француздар жаулап алғаннан кейін, бұл тамақтану бөлмесі ат қораға айналды.

Ал Леонардо осы ғажайып шығармасын жасауға көптеген уақытын, шабытты өнері мен жалынды сүйіспеншілігін арнады.

"Ақ тиын ірстаган әйел" атты таңғажайып әсем картинасынан бейне бір төңірегіндегінің бәрін сәулесімен нұрландырған Леонардо бояуларының жан дүниені баурап алар ғаламат шұғыласы төгіліп тұрады. Осынау ғажап әйел образы әлі де Леонардоның ұздік жетістігі бола қоймаған еді. Көлемі онша үлкен емес осы жұмысына суретші төрт жылын сарп етті.

Әрдайым бола бермейтін құбылыс — "Мона Лиза" туралы Вазаридің өзі-ақ былай деп жазған: "Көзі кәдімгі тірі адамның көзіндей мөлдіреп тұр. Әр дем алғаны сайын танауы сәл ғана желбірегендей болып, ерекше бір нәзіктікті аңғартады. Оның аузы алуан түсті бояудың үйлесімімен ғана жасалған дүние емес, табиғаттың ғажайып бір жаратылысы дерсің. Жымиғанының сүйкімділілігі соншалық, бұ и портретке тәңірідей табына, рақатты сезімге бөленесің. Бұл портрет таңғажайып шығарма деп танылады, өйткені ол өмірдің өзіндей көркем."

"Ажалының қай сағатта келетінін білмегенмен, өлетініне көзі жеткен Леонардо 1518 жылы 23 сәуірде өзін жерлеуді қалай ұйымдастырудың егжей-тегжейін дәлме-дәл көрсеткен өсиетін жазады. Ол Амбузаға жақын жердегі Клу корғанында 1519 жылы 2 мамырда алпыс жеті жасында дүние салады.

Рафаэль Санти (1483—1520).

Сурет:Sanzio 00.jpg
Рафаэлъ Санти

XV—XVI ғасырлардағы бүкіл итальян өнері барлың болмысында үйлесімдік, әсемдік, қанағатшылдықтан өрілді. Италияның кішігірім сарайларының бірі Урбинода тарихшылар, философтар, саясатшылар, жазушылар, өте білімді, мәдениетті Бембо, Бибиена, Кастильоне және тағы басқа тамаша адамдар өмір сүрген. Осы кездегі сарай кештері жайлы атақты кітап жазып қалдырған граф Бальдассаре Кастильоне еді. Оның "Кортеджиано" (сарай адамы) атты кітабындағыдай кемел адам идеалынан өзінің асқақ мұраттарына сүйеніш тапқан, дүниежүзілік тарихта ұлылардың бірі саналатын адам — суретші Рафаэль.

Рафаэль Урбинода туған. Ол өлгенше Б.Кастильонемен дос болды. Портреттік кескіндеменің аса үздік шығармаларының қатарына Рафаэль қылқаламынан туған Кастильоненің атақты портреті жатады. Кастильоненің Рафаэльді қалай жақсы көргендігі оның анасына жазған хатынан көрінеді: "Мен есен-саумын, мен өзімнің қайран Рафаэлім қасымнан табылмағандықтан Римде жүрмеген сияқтымын. Марқұм, енді иманды болсын!" Рафаэль нағыз кемеліне келіп, даңқы асып тұрған шағында — отыз кеті жасында қайтыс болды. Онша белгілі емес суретші және гуманист ақынның ұлы Рафаэль Санти жоғары кұрметке ие болды. Рим папасы оны бұрын кескіндемеші жетіп көрмеген биік тұғырға көтермек еді. ТЕК мезгілсіз келген ажал оның кардинал болуына кедергі жасады. Рафаэль мейлінше қайырымды, мейірімді, керемет талантты адам болған. Ол Рим қаласының бұрынғы тұлғасын қайтадан қалпына келтіруге көп үлес қосты. Бұл жайлы Рафаэль қайтыс болғаннан соң бірнеше күннен кейін, белгісіз бір венециялық өзінің туған еліне былай деп хабарлаған: "Қасиетті жұмадан сенбіге қараған түні сағат үште ІЛГІ жанды, тамаша кескіндемеші Рафаэль Урбинский қайтыс болды. Оның өліміне барша жұрт қайғырды."

Рафаэльдің жеке басы сол кездері кемелдік атаулының бәрін бойына жинақталған. Сол себепті ол жұрттың бәріне жақын және түсінікті болды, әрі барлық адамға тән асыл қасиеттердің жиынтығындай көрінеді. Рафаэль Перуджиноның шәкірті болды және жас кезінде оның суретшілік өнері ұстазына ұқсас еді. Оның ертеректегі шығармашылығын өзінде де жаңа идеалдың нышаны байқалғанды.

Лондондағы Ұлттық галереяда оның 1500 жылы, яғни Рафаэльдің бар болғаны он жеті жасында салған "Рыцаръдың түсі" картинасы ілілу тұр. Рыцарь — арманшыл жас жігіт, тамаша табиғат көріністерінің аясында бейнеленген. Эрмитажда ілулі тұрған "Конестабиле — “Құдай ана” картинасын әлдебір ішкі ұстамдылық пен жан дүниесінің сабырлығы нұрландырып тұрғандай. Бұл — ең тамаша лирикалық образ, композициясы керемет шуақты.

Рафаэль шығармашылығының Флоренциядағы кезіне 1506 жылдары, жиырма үш жасында салған автопортреті жатады. Көз жанары ойлы бір киялға толы Рафаэль әлемге көз тігіп, оның жарастығын танып, біліп отырғандай.

Шамамен 1506 жылдары ол жаңа күрделі композиялық ізденістерден туындап, флоренциялық мектептің айқын кескіндемелік дәстүрлеріне тән ғаламат шеберліктің салтанатын одан әрі арттыра түскен: "Көк оранган Құдай-ана", "Балапан ұстаган Құдай-ана", "Ғажайып басбан" атты суреттерін жасады. Олардың тамаша образдарында жас Рафаэльдің жан сезімі жатыр. Оның өз басы жұрттың бәріне өзі бейнелеген тартымды фигуралардай әсем де сүйкімді болды.

Флоренциядан соң Римге келген Рафаэльдің өнері гүлдену шегіне жетті. Оның шығармашылығындағы эволюцияны бір сюжетке салған екі картинасынан байқап көрейікші. Олар аждаһаны жеңген архангел Михаилды бейнелейді. Бұл суреттердің біріншісін — ол балаң жігіт шағында, екіншісін — қысқа өмірінің соңғы кезінде салған. Бірінші суретінде ортағасырлық леп еседі.

Кемел адам образы Рафаэль өнерінде толығымен нақты көрініс тапты. Соның бірі — Рафаэльдің Ватикандағы атақты фрескасы — Афины мектебіндегі (1509—1511) Аристотель бейнесі деуге болар еді.

Аристотель мен Платон баспалдақтың жоғарғы сатысында қатар тұр. Бірін-бірі қуалай салынған үш күмбез олардың салтанатын арттыратындай. Сондықтан көрермендер назары бірден солардың тұлғасына ауады. Олар — ұлылықтан тыныштыққа қанат жайған композициясының қақ ортасы іспетті. Аристотель сол қолымен өзінің "Этикасын" ұстап тұр, оң қолының ишарасымен ол бейне бір Платонның шабытты пафосын сабасына түсіріп, сабырлы қалпына келтіргісі келіп тұрғандай. Платон шабыт отымен нұрланған. Саусағымен аспанды нұсқап, идеялар дүниесін болжайды.

Рафаэль шығармалары куаныш пен сүйіспеншіліктен нұр алған, сондықтан оның умбрийлік және флоренциялық Құдай-аналары таңғажайып болып шыққан. Римдегі Фарнезина вилласындағы Рафаэльдің ойтолғауымен дүниеге келтірілген фрескалардың бірі — Юпитер мен Амурды бейнелейді.

Рафаэльдің кемелдік шегі. Оның бүкіл шығармалары үйлесімді жарастығын тауып, адамды рухани қанағаттандырады. Рафаэльдің Леонардодан айырмашылығы — ол бізді өзінің құпияларымен тұйыққа тіремейді, жан-жақты білімділігімен таң қалдырмайды. Ол өзімев бірге жердің сұлулығынан ляззат алуға еліктіре, еліте шақырғандай болады. Өзінің қыска ғұмырында кескіндеме өнерінде қолынан келгеннің бәрін істеп, яғни үйлесімділік, әсемдік, ізгілік патшалығын орнатты.

Римдегі ғылым мен өнердің ең гүлденіп, дамыған кезеңі 1513 жыл дар, X Левтің тұсы болды. Ол өзі де өнерлі болды.

X Левтің кезінде Рафаэль Римді қайта қалпына келтірумен айналыса бастады. Бірақ ол ісін аяқтай алмай қайтыс болды. Рафаэлдің соңғы шығармасы "Қайта өзгеру" картинасы болды. Бұл суретте қарама-қаишылықты жасайтын асқақтық пен шамадан тыс нәзіктік бой көрсетеді. Жаңа кезең жақындап, Жоғары қайта дәуірлеу заманы өтіп бара жатты. Рафаэльдің аға досы, пікірлесі, ұлы сәулетші Браманте болған. Брамантенің сан Дамазо сарайын ол өлген соң Рафаэль аяқтады. Ұлы кескіндемеші Рафаэль мүсін өнерінде де өзінше із қалдырды. Ол жасаған мүсіндердің тек біреуі ғана бізге жеткен. Ол — "Делъфин үстіндегі өлі бала". Бұл мүсін эрмитажда сақтаулы тұр.

Микеланджело (1475—1564)

Италияның атақты шебері — Микеланджело Буонародти (1475—1564) суретші, мүсінші, сәулетші әрі ақын. Ол өзінің сомдаған мүсіндеріне өлең жазды. Микеланджелоның туған жері Флоренция болғанмен, ол өмірінің көп жылдарын Римдегі папа қарамағында өткізді. Оның алғашқы кезеңде сомдаған туындылары Қайта өрлеу дәуірінің ережелеріне сай ержүректілікті, батырлықты дәріптеп көрсетті. Ал 1520—1530 жылдары шығармаларының тақырыптары құрт өзгереді. Ол өз басының қайғылы кезін түсіндіреді. Мүсіншінің алдына қойған мақсаты өскен жерінің, ондағы халықтың өз тәуелсіздігінен айырылған қайғылы сәттерін суреттеу болды. Микеланджело оз басының осындай уайымын мүсіндерінде айқын сомдады.

Алғашқы туындыларының бірін 26 жасында орындайды. Үш жылда бес метрлік алып тастан жаңа мүсін дайындап шығарады. Ол — аты аңызға айналған Давид деген жас жігіттің мүсіні. Давид халқына зорлық-зомбылық көрсеткен Голиаф деген дәумен жекпе-жекке түсіп, жеңіп шығады. Мүсінші өз қаһарманының шайқасқа шығар алдындағы сәтін бейнелейді. Жас жігіттің оң қолында қыса ұстаған шоқпар, он бойы жігерге толы, жүзі айбынды әрі байсалды, қарсыласын көзбен ата қарап тұр.

Микеланджело әрі данышпан суретші де еді. Ол ешқандай көмекшісіз Ватикандағы "Сикет капелласы" атты кескіндемені төрт жылда салып шығады. Тұла бойы қан қақсап ауырып, көзі талғаннан көрмей қала жаздайды.

Сонымен қатар ол аса көрнекті сәулетші болған. Римдегі ең үлкен “Әулие Петр" соборының жобасын қайта өзгертіп, дүние жүзінде тендесі жоқ әдемі күмбез орнатты. Оның 1520—1530 жылдары жасаған тамаша шығармалары (монумент мүсіндер) II Юлий папасының табытханасындағы "Моисей" мүсіні; "Жоқтау" (басты кейшкерлері ана мен бала); “Бүкшиген бала” Медичи капелласындағы "Түн", "Күн", тағы басқа. Микеланджелоның туындыларында жеңілген, өліп бара жатқан адамдардың өзінде де бір ерекше сұлулық пен жігер бар.

Джорджоне (1477—1510)

Сурет:Giorgione 059.jpg
Джорджоне

ДжорджонеВенеция кескіндемешісі. Оның ерекшелігі — Венеция мен Тосқан көркемөнер кемеңгерлігінің арасындағы айырмашылықтың мәнін ашатын құбылыс болды. Ол өзінің көптеген флоренциялық әріптестеріндей, суретшілікке қоса мүсінші не сәулетші ақын әрі музыкант болды. Вазаридің айтқан сөзіне қарағанда: “Ол лютня тартып, ән салғанда тәңірді де таңдандыратындай” болган.

Бүкіләлемдік өнерде өзінің поэзиялығы, әуезділігі жағынан Джорджоне картиналарымен таласа алар шығарма жоқ та шығар.

Джорджоненің тірі кезінде-ақ атақ-даңқы жер жарғанына, өзінен кейін кескіндеменің өркен жаюына орасан зор ықпал еткеніне қарамастан, біз ол туралы өте аз білеміз. Ол 1478 жылдар шамасында Кастельфранкода туды. Жасөспірім шағында Венецияға келіп, шамасы Джованни Белинидің шеберханасына шәкірт болып қабылданса керек. Сөйтіп, өмірінің ақырына дейін сонда тұрды. 1510 жылы, қылшылдаған жас кезінде (мүмкін обадан) дүниеден қайтты. Джорджоне ("үлкен Джорджо" деген мағына береді) деген лақап атқа ол, Вазаридің айтуынша, "рухының ұлылығы үшін" ие болған. Сол Вазари Джорджоненің "өте төменгі тектен" шыққандығын айтады.

Эрмитажда Джорджоненің ертеректе жазылған ең тамаша туындыларының бірі тұр. Ол — "Юдифь". Таурат аңызы бойынша, ару Юдифь ебін тауып жаудың әскер басы Олферннің шатырына кіріп, араққа мас қылып, ол ұйкыға кеткенде басын кесіп алады. Осы картинаны Джорджоненің атақты "Ұйқыдағы Венера" (Дрезден галереясы) атты ғажайып туындысына салыстыра келіп, орыс суретшісі, өнер тарихшыларының бірі Александр Бенза былай деп пайымдайды: "Леонардо туындыларындағыдай екі ұшты ой, қатерлі сезім бар бір түрлі қызық картина. Денеден бөлек калған адам басын аяғымен жайбарақат жанши басып тұрған, бет-бейнесі дрездендік Венерадан аумайтын осынау жүзі мұңды да қатал ару туралы: "Осы шынымен Юдифь пе?" — деп сұрағың келеді. Егер қабағын кәтерсе, бұл әйел бізге қандай көзқараспен қарар еді, ал Джорджоненің дрездендік Венерасы көзін ашса қандай оймен қадалар еді? Басқа да шығармаларында кездесетін көптеген жұмбақтың шешімін өзімен бірге ала кеткені тәрізді, бұл құпияны да суретші бізге шешілмес сыр етіп қалдырды."

XVI ғасырдың алғашқы жылдарында салынған Эрмитаждық бұл картина тек Джорджоне шығармашылығына ғана емес, бүкіл венециялық өнер мектебі дамуының жоғарғы сатысы болып есептеледі. "Юдифь" шығармасы осы мектепті Кейінгі қайта өрлеу мұраттарына жеткізді. Флоренцияда Леонардо еңбектері дәл осылай көрініс тапқан еді. Композицияның табиғи еркіндігімен, тұтас образдың астасып жатқан ішкі ұстамдылығымен бейнеленген адамның тұла бойында жарастық тапқан бояудың нәзік, жұмсақтығымен бұл туынды жарқын мұраттың көрінісі болды.

Бұл бейнеде құпия сыр бар, соның өзі оны Леонардо образдарымен туыстастырады. Бенуа мұндай жұмбақтардың Джорджоне шығармашылығында көп ұшырасатынын дәл байқаған.

"Найзағай" (Венеция, Академия) деп аталатын шығармасына назар аударайықшы. Таңғажайып пейзаж фонында найзағай ойнаған аспан астында бала емізіп отырған жас өйел. Одан әріректе қыдырып жүрген ауыл сылқымы. Осы екі фигура нені білдіреді?

"Ауыл концерті" (Париж, Лувр) деп аталған картинада тағы да сондай керемет әсем табиғат аясындағы екі жалаңаш әйел мен музыка аспабында еріне ойнап отырған екі жас жігіт не нәрсеге меңзейді? "Найзағайдағы" фигуралар да пейзажбен әдемі жарастық тапқан. "Ұйқыдағы Венера" өзінің балаң еркелігімен, ракат ұйқысымен және тұла бойының сұлулығымен табиғатпен қандай жарастық тапқан десеңізші.

"Джорджоне шығармашылығының бір ғана тақырыбы бар, ол — адам мен табиғаттың үндестігі" — деген пікірдің шынайы тұжырым екендіғі, бәлкім рас та болар. Бұл — сарқылмайтын, ауқымы орасан кең, кватроченто кезіндегі Венеция кескіндемесінің барлық ізденістерін дәйектендіретін тақырып. Ұлы Леонардо "Жоғалып бара жатқан кескіндер" теориясын жасады да, оны там-тұмдап өз шығармашылығына қолданды.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кейінгі қайта өрлеу дәуірінің суретшілері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}