Кезеңаралық жасуша

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кезеңаралық жасуша (Үлгі:Lang-la cellula - жасуша; inter - аралық, phatica - кезең) - митоздық бөліну кезендерінің аралығындағы жасушаның өсіп жетілуі мен тіршілік жағдайына керекті заттармен қорлануы және келесі бөліну кезеңіне дайындалу мерзімі. Кез келген дене жасушаларының тіршілік айналымы (циклі) митоздық бөлінуден және кезеңаралықтан тұрады.

Зат алмасу сипатына сәйкес кезеңаралық — өз кезеңінде үш кезеңге бөлінеді: түзілісалды (пресинтетикалық), түзіліс (синтетикалық) және түзіліссоңы (постсинтетикалық). Пресинтетикалық — G, бірінші түзілісалды кезең митоздық бөліну аяқталған бойда басталады. Ол кезеңаралықтың ең ұзақ мерзімге созылатын кезеңі. Бұл кезеңде жасуша жедел өседі, көлемі күрт үлғаяды. Жасуша цитоплазмасындағы рибонуклеин қышқылы (РНҚ), әртүрлі ферменттер мен басқа да заттардың түзілу (синтез) процесі жедел артып, протеиннің қорлануына сәйкес жасуша өседі. Сонымен қатар, цитоплазмадағы органеллалардың жетілу процесі де жедел жүріп, центросома центриольдері екі еселенеді.

Екінші түзіліс кезеңі — жасуша жетілуінің (синтетикалық — S) негізгі кезеңі. Бұл кезеңде дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) мен негіздік протеиндер (гистондар) синтезделіп, ДНҚ молекулаларының екі еселенуі (редупликациясы) іс жүзіне асады. Осының нәтижесінде жасушадағы хромосомалардың саны екі есе көбейеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кезеңаралық жасуша|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}