Кедергі каротажы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кедергі каротажы - Таужыныстың көріністі меншікті [[элекрлік кедергісін (rk) өлшеуге негізделген электрлік каротаж әдістерінің бірі. Аталған кедергі мөлшері каротаждық зонд көмегімен анықталады. Кедергі каротажы деректері қимадағы электрлік қасиеттері әр түрлі қойнауқаттарды жіктеуге, таужыныстардың меншікті электрлік кедергісін анықтауға, меншікті кедергінің шайылған белдемде, сыздықтау белдемінде және сүзбемен қанықпаған белдемде таралу ерекшелікгерін зерттеуге, қойнауқаттың жинауыштық кабілетін бағалауға, т.с.с. көмектеседі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}