Кедей Жәнібекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кедей Жәнібекұлы (1700 – 1768) – би. Ырғыз өңірінде туып-өскен. Кіші жүз құрамындағы әлімұлы тайпасының шөмекей руынан шыққан. 1748 ж. 5 қазанда Ресей патшайымы Елизаветаның атына Нұралыны хан сайлау жөнінде хат жазған Кіші жүздің игі жақсыларының қатарында Кедей би де болған. Хиуа хандығына барып (1749), Нұралы ханның тапсырмасымен А.Тевкелевпен келіссөздер жүргізген (1750). Кедей би жөнінде дерек тапшы болғанымен, құжат материалдарында оның ақкете Әжібай, Алтай батыр, Жәнібек тархан, Мәмбет аталықтарымен бірге ел ісіне араласып, түйінді мәселелерді шешуге қатысқаны туралы айтылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref><ref name="source2">Казахско-русские отношения в XVҚ–XVҚҚҚ вв., Сборник документов и материалов, А.-А., 1961.</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кедей Жәнібекұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}