Кеген асуы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кеген, Қайқы – Құлықтау тауларының шығысындағы асу.
Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданында орналасқан.
Жер бедері
Ең биік жері 1900 м. Аласа асуларға жатады. Жаз айларында басында қар болмайды. Асудың оңтүстік, солтүстік және батыс беткейлері жалаңаштанған. Батыс беткейінде жалпақ жапырақты шоқ ормандар кездеседі. Жергілікті халық асуды ертеден-ақ пайдаланған. Асу арқылы Шарын өзені аңғарының жоғарғы жағынан тауаралық Кеген аңғарына қарай өтетін төте жол бар.<ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref>