Кафедральдік собор
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
- Кафедральдық собор<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> – Алматы қаласында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағында орналасқан сәулет өнері ескерткіші.
- 1907 жылы құрылысшы-инженер А.П. Зенковтың жобасы бойынша салынған. Ағаш сәулет өнерінің және жер сілкінісіне төзімді құрылыстың үздік үлгісі болып табылады.
- 1887 жылғы жер сілкіну апатынан 20 жылдан кейін биіктігі 56 м ғимарат салу аса үлкен батылдық болды. Шкантқа (қада) тізілген ағаш шеңбер ғимаратты салу ісінде негізгі конструкциялық бөлік рөлін атқарған. Ғимарат құрылысында темірден айналдыра құрсау-белдеу тарту, төбені қабырғамен тұтастыра жабу сияқты беріктік тәсілдері оның жер сілкінісіне төзімдігін арттыру мақсатында пайдаланылған. Көтеріңкі іргетас, еңселі есік аркасы, көкке бойлаған 6 күмбез ғимарат сәулетін арттыра түскен. Оны әсемдеу ісінде түрлі-түсті бояу, ағаш оймыш кеңінен қолданылған. Иконостас жазуын суретші Н.Г. Хлудов жазды.
- 1911 жылғы жер сілкінісі (9 балл) кезінде бұл құрылыс бүлінбеген.
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін мұнда Қазақстанды зерттеу қоғамы, Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамы орналасты, 1929 – 1985 жылы Қазақстанның мемлекеттік орталық музейі болды, 1985 – 1995 жылы Алматы тарихи және қалпына келтіру музейі орналасты.
- 1995 жылы православие шіркеуінің Алматы иепархиясы қарамағына қайта берілді.
- Республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттiк тізілiміне енгізілген.
Дереккөздер:
<references/>