Катюша

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Monument katyusha rudnya.JPG
Ресейдегі Рудня қаласындағы «Катюша» монументі

Катюша - 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде дүниеге келген далалық реактивті артиллерияның оқпансыз жүйесіне берілген бейресми атау.

Мұндай құрылғыларды КСРО қарулы күштері екінші дүниежүзілік соғыс кезінде көп пайдаланды. Лақаб атаудың танымал болғаны соншалық , ауыз екі тілде автокөлік жолында жүретін түйдек-түйдек оқ ататын реактивті жүйені де соғыстан кейін солай атап кеткен. Мысалы, БМ-14 және БМ-21 "Град" кұрылғылары да "Катюша" деп аталатын.

Түйдектете ататын көп ұңғылы зеңбірек жасау өткен ғасырдың 20-жылдарынан басталады. Бірақ 1936 жылға дейін ешбір ел түйдектете ататын мықты қару жасауды жолға қоя алмады.

Кеңес елі бұған 1940 жылдары қол жеткізді. Жүк машинасының үстіне орналастырылған, сегізден екі қатар етіп қойылған он алты ұңғыдан атылған реактивті снарядтар түскен аумағы түгелімен өртеп, жойып жіберетін құдыретті күшке ие болды.

Олар бір түйдектете атқанда 12 га жерді өртеп жіберетін. Оған БМ- 13 (Катюша) деген ат берілген. Кейіннен "БМ-30", "М- 30"ар, "М- 31" деген жетілдірілген, ататын снарядтары да қуатты, түйдектете ататын қондырғылар пайда болды.

Бұған қарсы немістер 1937 жылы түйдектете ататын он бес ұңғылы миномет ойлап шығарды. 1941 жылдың 22 маусымында немістер Кеңес әскеріне осы қарумен соққы берген болаты.

Кеңес әскерлері "БМ-13" минометін "Катюша" деп "еркелетсе", немістердің минометін "Ванюша" деп атады. Кеңес әскері алғаш рет 1941 жылдың 14 шілдесінде "Орша" стансасында "Катюшамен" немістерге соққы берді.