Каттегат
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Каттегат (Kattegat) — Ютландия түбегінің шығыс жағасы мен Скандинавия түбегінің оңтүстік-батыс бөлігі аралығындағы бұғаз. Балтық және Солтүстік теңіздері жалғастырады. Ұзындығы 200км-ге жуық. Ені 60-122 км. Тереңдігі 10-30 метр, солтүстік бөлігінде 50-ден асады. Бұғазда суы тұщылау, беткі (солтүстікке бағытталған) және тұзды түпкі ағыстар (оңтүстікке бағытталған) бар. Басты порты — Гётеборг (Швеция).
Швеция жағынан Каттегат бұғазына Гёта-Эльв, Лаган, Ниссан, Этран, Вискан өзендері құяды, ал Дания жағынан Гудено өзені құяды.
Айырықша ірі аралдар — Самсё, Уруст, Лесё, Анхольт.
<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы: Алматы, 1974. 5 том.</ref>
Дереккөздер
<references/>