Кататек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кататекшөгінді жыныстар түзілуіне сабақтаса өтетін өзгерістердің бірі <ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет, ISBN 5-615-01738-4</ref>.

Шөгінділердің, кататекті өзгеріс сатысы олардың, күрт тығыздалуымен және кейбір төзімді территекті және аутитекті түрбөлшектердің (компонент) өзгере бастауымен сипатталады; мұндай өзгерістер қысым мен температура мөлшерінің бірте-бірте арта түсуінен туындайды, алайда кататектік өзгерістер метаморфты өзгерістер санатына жатпайтындығын ескерген жөн.

Қатабелдем – температура және гидростатикалық қысым мөлшерлерінің өте жоғары дәрежесімен, ал стресс (бағдарды қысым) көрсеткішінің мейілінше мардымсыздығымен сипатталатын метаморфизм деңгейі, яғни жер қыртысы қойнауларының біршама терең облыстары.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала