Катаринский Василий Владимирович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Катаринский Василий Владимирович<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

ISBN 5-89800-123-9</ref> (20.5.1846 – 1902, Ресей, Орынбор) – орыс шығыстанушысы, ағартушы, миссионер.

  • 1864 – 72 жылы Қазан қаласындағы діни семинарияны, кейін діни академияны бітірген.
  • 1872 – 75 жылы Чебоксары қаласындағы уч-щеде бақылаушы, оқытушы қызметтерін атқарған.
  • 1875 жылы 20 қыркүйектен бастап Орынбор округінде татар, башқұрт және қазақ мектептері жөніндегі округтік инспектор болып тағайындалып, осы жұмысты ұзақ жылдар бойы атқарды. Оған қосымша діни мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының барысын бақылап отыру тапсырылады.
  • Ы.Алтынсариннің оқу ісі саласындағы идеяларын қолдап, оның іске асуына тікелей көмектесті.
  • 1879 жылы Алтынсарин Торғай уезінің мектеп инспекторы міндетін атқара бастаған кезден кейін, олардың қарым-қатынасы, кездесуі мен хат жазысуы жиілей бастайды.
  • Торғайда облысы және ауылдық уч-щелер мен мектептердің ашылып, қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Ырғыздағы қыздар училещесі мен Орскідегі қазақ оқытушыларын даярлайтын мектепке қамқоршы болды.
  • 1893 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебі оқушыларының Мәскеуге экскурсияға баруын ұйымдастырған да Катаринский еді.

Орынбор оқу округіне қатысты оқу-ағарту істерімен байланысты құжаттар даярлап, олардың жүзеге асуына ерекше көңіл бөлді. “Положение об аульных русско-казахских школах Тургайской области”, тағы басқа ресми құжаттардың авторы (редакторы) болды.

  • Қазақ мектептері үшін орыс тілінде
    • “Қырғыздарға арналған әліппе” (“Букварь для киргиз”),
    • “Қырғыздарға арналған орыс тілінің бастапқы оқулығы (“Первоначальный учебник русского языка для киргиз”)

атты оқу құралдарын (1894) жазды.

  • Қазақ тілінің грамматикасын жазып, сөздігін жасауға да қатысты.
  • 1897 жылы “Қырғыз тілінің грамматикасы” (“Грамматика киргизского языка”, Орынбор, 1897) мен “Қырғыз-орыс сөздігі” (“Киргизско-русский словарь, Оренбург, 1897) басылып шықты. Сондай-ақ, “Қырғыз мақалдарының жинағы” (“Сборник киргизских пословиц”), ”Қырғыз этнографиясы жөніндегі материалдар” (“Материалы по этнографии киргиз” Орынбор, 1899) құрастырды.

Ол христиандық діни кітаптарды қазақ тіліне аударып бастырып (“Ізгі Иосиф”, “Ізгі ғайыб”), қазақ-орыс мектептеріне оқулық ретінде ұсынып, миссионерлік іспен де шұғылданды.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Катаринский Василий Владимирович|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}