Каспий маңы қарақұмы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Каспий маңы қарақұмы. Атырау облысының қиыр оңт.-шығысында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 150 шақырымға созылып жатыр, ені 65 км. Ауданы 7100 км². Жартысы Маңғыстау облысында жатыр. Теңіз трансгрессиясы нәтижесінде шайылған Үстірт тау жыныстары теңіз суының астынан босағаннан кейін жел әрекетімен өңделіп қырқалы-төбелі құмдар түзген. Жерінің абсолюттік биіктігі солтүстікте 20 м, оңтүстікте 14 м-ге дейін төмендейді. Құмды төбешіктер қырқаларының биіктігі 5—6 м. Араларында сор мен тұзды көлдер барлық жерінің 10%-ын қамтиды.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер