Касл (телехикая)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Касл (Үлгі:Lang-en) — америкалық комедиялық әрі драмалық телехиқая, ABC арнасында көрсетіледі. Шоуды Эндрю У. Марлоу жасаған және бұл телехикаяда әйгілі детективтік роман жазушы-Ричард Касл (Натан Филлион) мен детектив Кейт Бэккет туралы баяндайды. Бірінші маусымның премьерасы 9 наурыз 2009 жылы АҚШ-та болды. 7 мамыр 2015 жылы топтама 8 маусымға дейін ұзартылды және 21 қыркүйек күні хабарланып бастады.

Сюжет

Сюжеттің орталығы Ричард Касл болып табылады. Ол детектив жанырдағы әйгілі жазушы. Рик өз анасымен және қызымен бір үйде тұрады. Жазушы шығармашылық дағдарысқа ұшырап жатқан кезде, оның өлім қойлымын біреу шын өмірде қайталап жатқанын біледі.

Каслды Нью-Йорк полиция бөлімінен келген детектив Кейт Беккет тергейді. Кейт өте ақылды, әдемі, табанды және тергеуді қатал жүргізеді. Касл өз қызықсыз өмірінен қашу мүмкіндігін өткізгісі келмей, тергеуді өткізуге комектескісі келеді. Мэрмен дос болғанының арқасында, Рик Беккет жүргізетін тергеудің бәрінде қатыса алады. Кейт оның келесі кітаптарының бас кейіпкері- Ники Хит болады. Ричард бейресми Нью-Йорк тергеушілердің тобына кіреді. Тергеудің барысында өзін жақсы жағынан көрсетіп, сенімге кіреді. Бірінші кітабы шыққан соң, Беккет және Каслдың қарым-катынасы жалғасады. Жұп көптеген қылмысты әшкерелейді.

Үлгі:БастамаҮлгі:Уики